«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



бет30/116
Дата24.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#159726
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116
Байланысты:
терапия лекция-1
аниме 2, 996495
Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.

8 дәрістік сабақ.




Тақырыбы: Арнайы зерттеу: жүрек қантамыр жүйесі. Спигмотонометрия. Флюография, қанның ағу жылдамдығын анықтау. Электрокардиография, фонокардиография.


Жүрек дүрсілін қарау және пальпациялау.
Жүрек тұсын перкуссиялау
Жануарлар: сиырлар, жылқылар, қойлар, иттер.
Жүрек дүрсілін қарау және пальпациялау. Жүрек дүрсілін қарау және тұсын пальпациялау мынандай клиникалық әдістермен зерттелінеді. Жүрек дүрсілін қарауды мал тұрып тұрған кезде жүргізеді. Жарықты малдың сол жағына, жүрек тұсына түсіріп алдыңғы сол жақ аяғын барынша алға қарай жылжытады. Жүрек дүрсілін жүрек тұсындағы, кеуде қуысы қабырғасының немесе жүнінің дірілі арқылы анықтайды. Күйлі, жүні ұзын малда жүрек дүрсілі анықталмауы мүмкін.
Жүректің соғуы жиілеген сайын кеуденің дүрсілі күшейеді де, ал сиреген кезде діріл әлсірейді немесе мүлдем анықталынбайды. Жүрек тұсының дүрсілін сипаған кезде мал тұрып тұруы тиіс. Ұсақ малды орындық үстінде зерттейді. Олардың алдыңғы аяқтарын алма кезек барынша ілгері жылжытады. Тексеруді сол жақтан бастайды. Малды зерттеу кезінде оң қолды шоқтыққа қойып, сол қолмен жүрек тұсынан көкірек жақтауының дүрсілін сезініп, оның орнына, күйіне, көлеміне, таралуына, ырғағына көңіл аударады.
Жүрек тұсының ауырсынуын бүгілген саусақтармен 3-5 қабырғалар аралығын нұқып анықтайды. Ірі қара малдың алдыңғы аяғын ілгері жылжыта алмайтын жағдайда ауырсынуын қолды жауырын мен кеуде аралығына енгізіп сипап сезеді. Осындай әдіспен оң жағын оң қолмен тексереді. Ұсақ малдардың екі жағын бір уақытта сипайды. Құстардың төс сүйегі маңын сипайды.
Сау малдың жүрек тұсын сипаған кезде көкірек жақтауында жүрек түрткісі немесе дүрсілі сезіледі. Сипау арқылы ауруларға байланысты түрлі өзгерістер анықталынады сезімталдығы күшейеді, ауырсынады, перикардитте діріл сезіледі.
Жүрек тұсы дүрсілінің әр малда өзінің нақты анықталатын орны болады. Ірі қара малда жүрек дүрсілінің нақты естілетін жері сол жақтағы 4-қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары 5-7 см2 көлемде.
Ұсақ малда жүрек дүрсілін ірі малдарда анықталатын жерден сезінеді, бірақ көлемі 2-4 см2.
Жылқыда жүрек дүрсілінің нақты орны 5-қабырға аралығында сол жақ иық буыны мен жауырын жалғасқан тұсы сызығымен жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, көлемі 4-5 см2. Оң жағында жүрек дүрсілі 4-қабырға аралығында сол жақ бөлігіндегідей тұста анықталынады.
Шошқада жүрек дүрсілінің нақты анықталатын орны сол жағындағы 4-қабырға аралығында, көлемі 2-4 см, ал семіз шошқаларда дүрсіл сезілмейді.
Иттерде жүрек дүрсілінің нақты естілетін жері сол жағындағы 5-қабырға аралығында кеуденің 1/3 ортасында, ал оң жағында 4-5 қабырға аралығында байқалады. Құстарда, жүрек дүрсілі екі жағында бірдей, кеуде тұсында сезіледі. Сипау арқылы жүрек дүрсілінің өзгерістерін анықтауға болады. Ондай өзгерістер: жүрек дүрсілінің нақтылы орнының өзгеруі, әлсіреуі, күшеюі, жүрек тұсының ауырсынуы. Жүрек дүрсілі орнының өзгеруі көкірек қуысында ісік пайда болғанда, перикардитте, плевритте, пневмотораксте, гидротораксте, ішек-қарын, құрсақ қуысы ұлғайып, кеудені ілгері жылжытқан кездерде кездеседі. Жүрек дүрсілінің әлсіреуі-кеуде қуысының ісіп үлкеюі кезінде, екпе эмфиземасында, кеудеге ауа немесе су толғанда, перикардитте кездеседі. Жүрек дүрсілінің күшеюі миокардитте, жүрек ақауларында, перекардитте, дененің қызуы кетерілгенде, уланғанда, жұқпалы ауруларда болады. Жүрек дүрсілі күшеюінің бір өзгеріс түрі – жүрек дүрсілінің тарсылдауы. Мұндай жүрек дүрсілін көкіректің дірілінен біледі. Ол, ең жоғарғы күшею сатысын көрсетеді. Олар миокардитте, жылқының індетті анемиясында, дененің қатты қозғалыс қимылынан пайда болады.
Жүрек тұсының ауырсынуы – саусақпен қабырға араларын сипаған уақытта байқалады, ол миозит, плеврит, перикардит, миокардитпен ауырған малда білінеді.
Кеуде дірілін жүрек тұсын сипаған кезде сезеді, ол қақпақшалардың дірілінен эндокардитте (көбіне екі жармалы қақпақшалардың жетіспеушілігінен) перекардитте, плевритте кездеседі.
Жүрек тұсын перкуссиялау арқылы оның шекарасын, көлемін, дыбысын, күшін анықтайды. Жүректі перкуссиялаған кезде малдың сол жақтағы алдыңғы аяғын барынша ілгері жылжытады да ірі малдарға перкуссиялау балғашығы мен плессиметрді қолданады, ал ұсақ малдарды қолмен дигитальды перкуссиялаған ыңғайлы. Жүрек тұсын перкуссиялаған кезде перкуссия дыбысы екі түрлі болып бөлінеді. Жүректің бәсең тартқан атимпаниялық және жүректің абсолюттік перкуссиялық дыбыстары.
Жүректің бәсең атимпаниялық дыбысы жүректің өкпелер жауып тұратын жерін перкуссиялағанда шығатын дыбыс. Бәсең атимпаниялық дыбыстың шекаралары кеуде қуысындағы жүрек орналасқан аумаққа сәйкес келеді және жүректің нақты шекаралары болып табылады.
Жүректің абсолюттік перкуссиялық дыбысы – жүректі өкпелер жаппаған ашық жерін перкуссиялаған кезде естілетін дыбыс. Сондықтан ол жерді перкуссиялағанда тықыл дыбыс естіледі.
Жүректің таза тықыл дыбысы сау малда - жылқы, ит, түлкіде анықталынады, ал басқа малдарда ол дыбыс анықталынбауы мүмкін, себебі жүректің кескіні кеуде белдеуінің қалың бұлшық еттерімен жабылған.
В.П.Сидоровтың ұсынысы бойынша жүрек шекараларын екі бағыттағы түзу сызықтар арқылы анықтайды. Бірінші сызықтың бағыты, алдыңғы сол жақ аяғын барынша ілгері жылжытқаннан кейін жауырынның жоғарғы артқы бұрышынан анканеустің артқы жағымен шынтақ өсіндісіне дейін түсірілген вертикальды түзу. Осы сызықтың бойымен жүректің бәсендеу естілетін атимпаниялық және абсолютті тықыл дыбыстарының жоғарғы шекараларын анықтайды. Жоғарыдан төмен қарай перкуссиялау барысында кеуде қуысының ортасына дейін таза атимпаниялық (өкпелер) дыбысы естіледі, төмендеген сайын, алдымен бәсендеген атимпаниялық дыбыс (бұл жүректің нақты шекарасы) сонан соң абсолютті тықыл дыбыстар естіледі (бұл жүректің кеуде қабырғасына тікелей тиіп тұратын шекарасы).
Екінші сызықтың бағыты шынтақ өсіндісінен 45° бұрышпен сербекке дейін апаратын түзу.
Осы сызық бойымен жүрекгің артқы шекарасын анықтайды. Перкуссия барысында шекара абсолютті тықыл дыбыстың алдымен бәсендеген, сонан соң таза атимпаншшық дыбыстарға ауысулары арқылы анықталынады.
Дені сау ірі қара малдарда жүректің нақтылы жоғарғы шекарасы, алдыңғы сол жақ аяғын барынша ілгері жылжытқанда иық буыны деңгейінде, ал артқы шекарасы 5 қабырға аралығында. Арық малдардың алдыңғы сол жақ аяғын ілгері жылжытқан кезде, кейде алдыңғы шекарасын 3 қабырға аралығынан анықтауға болады. Оң жағын перкуссиялағанда жүректің шекараларын анықтауға арналған тән дыбыстар сау малдарда естілмейді, өйткені жүрек кеуде қуысының сол жағында орналасқан.
Қой мен ешкілерде жүректің жоғарғы шекарасы иық сызығынан төменірек, артқы шекарасы 5-қабырғаның алдыңғы шетінде, алдыңғы шекарасын 3-қабырға аралығында.
Жылқыда, жүректің жоғарғы шекарасы иық сызығынан 2-3 смтөмен, ал артқы шекарасы 6-қабырғаға дейін жетеді.
Жүректің абсолютті тықыл дыбысының аумағы үш бұрыш тәріздес, оның алдыңғы шекарасы анканеус сызығымен, артқысы-жоғарыдан төмен доға тәрізді иіліп 3-қабырға аралығынан 6- қабырғаның төменгі шетіне дейін барады, ал төменгі шекарасы төс сүйегінің тықыл дыбысына жалғасып кетеді. 3-қабырға аралығындағы үшбұрыштың биіктігі, мал денесінің ірілігіне байланысты 10-13 см жетеді. Жүректің абсолютті тықыл дыбысы шығатын көлемі, малдың оң жағында, сол жағымен салыстырғанда кішірек келеді де 3-4 - қабырға аралығының төменгі бөлігінде орналасады. Жүректің абсолютті тықыл дыбыстар шығаратын аумағы, малдың оң және сол жақтарында да бірдей көлемде 3-5 смдей болып белдеуленіп келеді.
Шошқада, жүректің нақтылы жоғарғы, бәсең атимпаниялық дыбыс шығаратын шекарасы иық сызығының тұсында, ал артқы шекарасы 5-қабырға аралығында. Күйлі, семіз шошқаларда перкуссия ылғида дұрыс нәтиже бере бермейді.
Итте, түлкіде жүректің нақтылы жоғарғы шекарасы, дене көлеміне байланысты иық сызығынан 1-2 см төменірек орналасқан, артқы шекарасы 7-қабырғаға дейін жетеді, ал алдыңғы шекарасы 3-қабырғаның алдыңғы шетінде. Жүректің абсолютті таза тықыл дыбысын 4-5-қабырғалар аралықтарымен 6-қабырғаның төменгі жақ бөлігіне дейін анықтайды.
Жүрек шекарасын анықтайтын дыбыстардың өзгеруі мал жүрегінің көлеміне, түрлі патологиялық өзгерістерге байланысты болады. Гипертрофиядан, кеңеюінен жүрекгің көлемі ұлғайса абсолютті және бәсең атимпаниялық дыбыстар шығаратын шекаралар өзгереді, ал жүректің өз бөлшектерінің көлемдері ұлғайған кезде дыбыстардың конфигурациясы (пішін үйлесімі) өзгереді.


Жүректі перкуссиялау; 1-анконеустер сызығы бойымен; 2-шынтақ өсіндісінен сербекке қарай

Перкуссия кезінде дыбыстардың анық естілетін орындары; 1-өкпенің айқын; 2-бәсеңдеу; 3-бәсең



Мысалы, жүректің тек сол жақ қарыншасы ұлғайған кезде абсолютті тықыл дыбыс шығаратын артқы жақ шекарасының астыңғы бөлігі артқа қарай жылжиды. Егерде жүрек құлақшалары ұлғайса жоғарғы жағының артқы шекарасы артқа қарай жылжып ұлғаяды. Егерде, түрлі себептермен перикард қуысына сұйық жиналса (экссудат, транссудат) онда жүректің үстіңгі жағын жауып тұратын өкпелер жоғары қарай ысырылады да жүректің абсолютті тықыл дыбыс шығаратын шекарасының көлемі жоғары және артқа қарай ұлғаяды.
Жүрек тұсында тимпаникалық дыбыс шықса ол жарақатты перикардиттің белгісі, себебі перикард қуысында газдар жиналады, немесе пневмоторакста осындай дыбыс шығады.
Перкуссия кезінде мал ауырсыну білдірсе, ол кеуде қуысында қабыну процесстің жүріп жатқанының белгісі. Өзгерістердің басқа да көптеген түрлері кездесуі мүмкін, тек нәтижелерін қисынды шешу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет