КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ. Аурудың жіті түрінде ауру мал аздап жабырқаған, дене қызуы көтеріңкі. Мал пысқырып, түшкіріп, кейде танауларын бөгде заттарға үйкелейді. Дем алысы қиындап, кейде ысқырынып шығады. Дем алу мен дем шығару уақыттары ұзарады. Танау кілегей қабықтары қызарып, ісінеді. Алғашқыда ұйымалы, артынан ұйымалы-сарысулы ақпа ағып, кейде мұрын жолдары қатып қалған жалқаяқтармен бітеліп қалады. Ауру қолайлы жағдайда өтсе, ауру мал5-10 күннің ішінде толық айығып кетуі мүмкін.
Созылмалы түрінде ауру мал арықтайды, жұмыска қабілеттілігі нашарлайды, ауық-ауық асқынып тұрады. Танаудын кілегей қабықтары бозарып семеді, жалақтанады, кей жерлерінде жара пайда болып, тыртықтанады. Ауру крупозды жене фолликулярлы түрде жүргенде мал қатты жабығады, азыққа тәбеті жоқ, қызуы көтеріледі, ентікпе пайда болады. Жақ асты лимфа бездері ісініп ауырсынады.
Крупозды түрінде қан кернеледі, кілегей қабықтарына сұрғылт сары, немесе қызғылт сары түсті фибринді заттар жиналады, ісінеді. Олар сарысуланған кезде орнына қанталаған қатқан фибриндер пайда болады.
Фолликулярлы түрінде, әсіресе жылқыларда, танаудың кілегей қабықтарында ашық-қызыл, небозғылт-сары түсті, бір-біріне жақын орналасқан көптеген дөңгелек түйіншіктер пайдаболады. Кейіннен ол түйіншектер сарғыштанып, бір-бірімен қосылып, тұтасып кетеді. Кейін сарысу эксудаттар пайда болып жараға айналады.Аурудың себептерін жойып, уақытында дұрыс емқолданғанда ауру малдар 2-3 аптаның ішінде жазылып кетеді.
Ауруды анықтауда ауру туралы жиналған мәліметтерге және клиникалық белгілеріне сүйенеді.
Ауруларды саралауда кейбір індетті жәие құрт аурулари танау кілегей қабығының зақымдануымен сипатталатынын еске алған жен.
EMI төмендегідей үлгіде жүргізілгені дұрыс:
аурудын себептерін дұрыс анықтап, оны жою;
суықтықты, ыстықтық пен ылғалдылықты реттеу,
малдарды төсенішпен қамтамасыз етіп, қора ауасындағы аммиактың, күкірттегі сутегінің мөлшерін азайту шараларын жүргізу;
шаң аралас, өткір иісті азықтарды бермеу;
танау қуыстарын 0,25 % новокаин, 5 % натрийлыбикарбонат, 3 % бор қышқылының,
2 % ментол ертінділерімен жуып-шаю;
жалқаяқтың (фибринді) кеуіп калған қабыршықтарын тазалау;
танау қуыстарына майдаланған стрептоцид, норсульфазол, сульфадимезин, этазол, висмут ұнтақтарын үрлеп еңгізу;
созылмалы түрінде 1% күміс нитраты, немесе хлорлы цинк ертіндісімен күніне 1 рет бір апта бойы жуып-шайып отыру;
крупозды, фолликулярлы турлерінде басқа емдермен қатар антибиотиктер мен сульфаниламиді препараттарын қолданған жөн.
Сақтаңдыру шаралары:
•малдарды өсіру технологиясын,
•күтіміменазыктандыру ережелерін қатаң сақтау қажет;
• танау кілегей қабықтарын тітіркендіретін себептерді болдырмауға тырысу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |