Ветеринарлық микробиология пәні бойынша білім алушыларға арналған емтихан сұрақтары



бет1/3
Дата24.03.2022
өлшемі25,89 Kb.
#136632
  1   2   3
Байланысты:
Документ (1)-1


Ветеринарлық микробиология пәні бойынша білім алушыларға арналған емтихан сұрақтары (I бөлім 2022)

  1. Жәй көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі әрекетін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын, жануарлар мен адамдарда кездесетін ауруларды қоздырудағы алатын рөлін жан-жақты зерттейтін ғылым

Микробиология

  1. Тірі табиғаттың ең қарапайым объектісі, тіршіліктің жасушасыз түрін зерттейтін ғылым

Вирусология

  1. Микроскоптық саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым

Микология

  1. Жәй көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдер – микроорганизмдер қатарына жататындар

бактериялар, бациллалар, микроскоптық саңырауқұлақтар, ашытқылар

  1. Үлкейткіш линзалар жасап, олардың көмегімен ең алғаш көзге көрінбейтін тірі организмдерді (animalculae) анықтаған зерттеуші Левенгук

  2. Бинарлық номенклатураны енгізген ғалым

Линней

  1. Топырақ микробиологиясының негізін қалаушы ғалым

Виноградский

  1. Ашу және шіру процестерінің негізін қалаушы ғалым

Пастер

  1. Микроорганизмдердiң таза өсiндiсiн алғаш болiп алған ғалым Кох

  2. Микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын, дамуы мен тіршілігін, табиғатта зат алмасу процесіндегі рөлін зерттеп, айқындалған заңдылықтарды адам игілігіне қолдануды мақсат тұтатын сала

Жалпы микробиология

  1. Микробтардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін көп мөлшерде өндірудің ғылыми деректерге негізделген тиімді технологиясын әзірлейтін сала

  2. Микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды ыдырату, топырақты өсімдіктерге қажет заттармен байыту мәселелерін зерттейтін сала

  3. Адамдарға қауіпті ауру қоздырғыштарының қасиеттерін зерттеп, олар тудыратын ауруларды балау, емдеу және алдын алу әдістерін жетілдірумен айналысатын сала

  4. Жануарлар мен құстарға қауіпті ауру қоздырғыштардың қасиеттерін зерттеп, олар тудыратын ауруларды балау, емдеу және алдын алу әдістерін жетілдірумен айналысатын сала

  5. Табиғатта кездесетін барлық тірі организмдердің жіктелуін зерттейтін ғылым 16. Фенотиптік қасиеттері ұқсас келетін, генотипі бірдей микроорганизмдердің жиынтығын сипаттайтын негізгі таксономиялық бірлік

  1. Прокариотты микроорганизмдер

  2. Эукариотты микроорганизмдер

  3. Түрлі орталардан (топырақ, су қоймалары, организм және т.б.) немесе әртүрлі уақытта бір ортадан бөлініп алынған бір түрге жататын микроорганизмдердің өсінділері

  4. Бір микробтың көзге көрінетін жиынтығы

  5. Бір түрдің жеке жасушаларынан тұратын микроорганизмдердің жиынтығы

  6. Бір жасушадан алынған өсінді

  7. Сыртқы түріне қарағанда шардың немесе доптың пішінін еске түсіретін дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  8. Бөлінген соң бір-бірімен қосылмай, жеке дара орналасатын дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер – коккалар

  9. Бір жазықтықта екіден қосарланып орналасатын дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  10. Бір жазықтықта бөлініп, жасушалар бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасатын дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  11. Жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз жүзім шоғыры тәрізді орналасатын дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  12. Бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасатын дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  13. Өзара үш пар перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, сыртқы пішіні кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасатын дөңгелек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  14. Таяқша немесе цилиндр тәрізді, спора түзбейтін прокариотты микроорганизмдер

  15. Пішіндері таяқшаға ұқсас келген, спора түзетін қабілеті бар прокариотты микроорганизмдер

  16. Ирек пішінді прокариотты микроорганизмдер

  17. Үтір тәріздес иілген, денесінде жалғыз жіпшесі бар прокариотты микроорганизмдердің өкілдері

  18. 3-5 ірі шиыршықтары бар ирек пішінді прокариотты микроорганизмдердің өкілдері

  19. Серіппе тәріздес ирек пішінді прокариотты микроорганизмдердің өкілдері

  20. Микроорганизмдердің мөлшерін анықтауға арналған өлшем бірлік

  21. Вирустардың мөлшерін анықтауға арналған өлшем бірлік

  22. Кейбір микроорганизмдердің жасуша қабырғасының айналасында кілегейлі қабат ретінде түзілетін, жасушаны құрғап қалудан, фагоциттерден, антиденелерден қорғайтын және микробтардың вируленттік қасиеттерінің сақталуына себепші болатын құрылым

  23. Бактерия жасушасының негізгі құрылымдық бірлігі болып саналатын, жасуша пішінін бірқалыпты сақтайтын, осмостық естен танудан және басқа да зиянды факторлардан қорғайтын құрылым

  24. Бактерия жасушасының қаттылығын, беріктігін қамтамасыз ететін негізгі құрылымдық зат

  25. Жасуша қабырғасының химиялық құрамы мен құрылымына және тинкториалдық (бояуды қабылдау) қасиеттеріне қарай бөлінетін микробтардың топтары

  26. Қоршаған ортадан келіп түскен қоректік заттарды жіктеп, микробтың тіршілігіне қауіпті заттарды ажыратып тұратын сезімтал рецепторлары және жасушаның метаболизм процесін реттейтін ферменттері бар, жасуша қабырғасы мен цитоплазманың аралығында орналасқан тығыз құрылым

  27. Қандай микроорганизмдерде цитоплазмалық мембрана жасушаның сыртқы қабатының қызметін атқарады?

  28. Рибосомалар, липидтер, көмірсулар, волютин, күкірт, темір т.б. қосылыстар орналасқан микроб жасушасының құрылымы

  29. Рибосомалардың атқаратын қызметі

  30. Цитоплазмалық мембрананың инвагинациясы және қысым жасалуы кезінде пайда болатын, жасушалардың энергетикалық орталығы болып табылатын, ондағы тыныс алу процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ететін құрылым

  31. Микроб жасушасының полисахаридтерден тұратын қор (резервті) заттары болып саналатын құрылым

  32. Прокариотты жасушаның ядросы қызметін атқаратын, оның тіршілігі мен тұқым қуалаушылық белгілеріне тікелей қатысы бар, ДНҚ-нан тұратын зат

  33. Микроорганизмдер тіршілігіне қолайсыз жағдай туындаған жағдайда бациллалар мен клостридиялардың цитоплазмасында түзілетін ерекше денешік

  34. Бациллалар мен клостридиялардың спораларының атқаратын қызметі қорғаныш

  35. Микроорганизмдердің қозғалыс мүшесі болып табылатын құрылым флагелла

  36. Бактерия жіпшелерінің атқаратын қызметі

  37. Бір ғана жіпшесі бар бактериялар мононтрихтер

  38. Жасушасының бір ұшында топтасып орналасқан жіпшелері бар бактериялар лофотрихтер

  39. Жіпшелері қарама-қарсы бағытта орналасқан бактериялар амфитрихтер

  40. Жіпшелері жасушасының барлық беткейінде орналасқан бактериялар перитрихтер

  41. Кез-келген бақытта ретсіз қозғалыста болатын бактериялар амфитрихтер мен перитрихтер

  42. Үдемелі қозғалыспен жылжитын бактериялар мононтрихтер мен лофотрихтер

  43. Тез қозғалатын микроорганизмдер перитрихті бактериялар

  44. Микробтардың капсулаларын бояуда қолданылатын тәсіл ольт тәсілі, митинг тәсілі

  45. Микробтардың спорасын бояуда қолданылатын тәсіл

  46. Микробтарды тірі күйінде зерттеуге арналған тәсілдер

  47. Химиялық заттармен тітіркендірілген жағдайда микробтарда пайда болатын қозғалыс реакциясы

  48. Молекулалық оттегімен тітіркендірілген жағдайда микробтарда пайда болатын қозғалыс реакциясы

  49. Жарық сәулесімен тітіркендірілген жағдайда микробтарда пайда болатын қозғалыс реакциясы

  50. Электр тоғымен тітіркендірілген жағдайда микробтарда пайда болатын қозғалыс реакциясы

  51. Судың көмегімен тітіркендірілген жағдайда микробтарда пайда болатын қозғалыс реакциясы

  52. Гидрофобты ақуыздан тұратын, адгезивтік қасиеті бар, генетикалық материалдарды донор жасушасынан реципиент жасушасына тасымалдауға

қабілетті органоид

  1. Бактерия ворсинкаларының атқаратын қызметі

  2. Пішіні мен көлемі жағынан бактерияларға, ал өсінділік және биологиялық қасиеттері жағынан вирустарға ұқсас микроорганизмдер 71. L-пішінді бактериялар

  1. Жасуша қабырғасы жоқ, ұсақ саңылаулы сүзгіден өтіп кететін, спора түзбейтін, қозғалмайтын, грам теріс, бөліну арқылы көбейе алатын полиморфты микроорганизм

  2. L-пішінді бактериялар

  3. Пептидогликанды түзу қабілетін жартылай немесе толығымен жоғалтқан мутантты жасушалар

  4. Сырт пішіні жағынан төменгі саңырауқұлақтарға ұқсас, бір жасушалы, анилин бояуларымен жақсы боялатын грам оң, бұтақталып өсетін микроорганизм 76. Табиғатта кең тараған хлорофилсіз, төменгі сатыдағы өсімдіктер қатарына жататын, эукариотты, хемоорганотрофты организм

77. Мицелий түзбейтін, жасуша қабықшасында хитин болатын, ал целлюлоза болмайтын, жыныссыз және жынысты жолмен көбейетін, кейбір түрлері ауыл шаруашылық өсімдіктерін ауруға шалдықтыратын саңырауқұлақтардың класы 78. Бір жасушалы, жасуша қабықшасындағы қаңқалық заттардың қызметін целлюлоза мен глюкан атқаратын, жыныссыз жолмен көбейетін, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері болып табылатын саңырауқұлақтардың класы

  1. Мицелилері жақсы жетілген, көп ядролы, септикалық емес, қабықшасы хитиннен, кейде глюканнан тұратын, спорангиоспораларымен, сирек жағдайда конидиялары немесе жыныстық жолмен көбейетін, топырақтың жоғарғы беткейінде көп тараған, өсімдіктердің органикалық қалдықтарында жетілетін саңырауқұлақтардың класы

  2. Мицелилері бұтақталған, көп жасушалы, табиғатта кең таралған, вегетативті, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейее алатын қалталы саңырауқұлақтар класы

  3. Көп жасушалы мицелилерден тұратын, жыныстық процесс нәтижесінде гифтерінің ұшында қалыптасқан арнайы көбею мүшелері – базидилері болатын жоғарғы саңырауқұлақтардың класы

  4. Табиғатта кең таралған, көп жасушалы, мицелилері бұтақталған, бүкіл тіршілік циклі гаплоидты фазада өтетін, вегетативті және жыныссыз жолмен көбейетін жетілмеген саңырауқұлақтардың класы

  5. Зигомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар

  6. Дейтеромицеттер класына жататын саңырауқұлақтар

  7. Саңырауқұлақтардың тарамдалған мицелийлерінің атауы

  8. Жасуша құрылымы жоқ, өздігінен көбейе алмайтын, тек тірі организм жасушасының ішінде тоғышарлық ететін, ең қарапайым тіршілік иесі 87. Бактериялардың ішінде көбейіп (өнімді инфекция), жасушаны лизиске ұшырататын вирустар

  1. Температураға, иондаушы радиацияға, ультракүлгін сәулелерге және басқа да әрекеттерге төзімдірек келетін, адам мен жануарлар жасушаларының қызметін бұзатын белгілі құрылымы бар ақуызды (протеинді) молекулалар

  2. Бактериялардың түзетін бояулы заттары

  3. Микроорганизмдердің зат алмасу процесі МЕТАБОЛИЗМ

  4. Бактерия жасушасының құрамындағы судың мөлшері 80-85%

  5. Бактерия жасушасының құрамындағы құрғақ заттың мөлшері 15-20%

  6. Бактерия жасушасының құрамындағы құрғақ затына шаққандағы ақуыздың

(протеиннің) мөлшері 65-80%

  1. Бактерия жасушасының құрамындағы құрғақ затына шаққандағы көмірсуларының мөлшері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет