Vi-ix ғасырларда түркілер керуен жолдары бойындағы құдықтарға күмбез түрінде салған ғимарат



бет3/4
Дата25.12.2023
өлшемі265,32 Kb.
#199175
1   2   3   4
Байланысты:
126 сұрақ орта ғ мәдениет (1бөлім)
I-II tarau boinsha
Ортағасырлық сауданың дамуы
Ерте орта ғасырлар кезеңінде сауда айырбас және ақша түрінде де жасалды. Көшпелілермен арадағы айырбас саудасы осы кезеңнің үлкен қалалары Испиджаб, Отырар, Таразда өткізілген жәрмеңкелерде іске асырылады. Шаруашылық өнімдерімен айырбас көшпелі және отырықшы әлемнің байланысын одан әрі нығайтты. Ақша айырбасының болғандығына Отырар, Суяб, Тараз қалаларында жасалған теңгелердің табылуы дәлел бола алады.
Орта ғасырлар кезеңінде Қазақстан аумағындағы сауда үш бағытта қалыптасты: 1) елдер арасындағы сауда, оның ішінде керуен саудасы; 2) қалалар мен егіншілік аймағы арасындағы сауда; 3) қалалар мен көшпелі дала арасындағы сауда.

  1. Ерте орта ғасырларда «көпестер қаласы» ретінде аталды:

  1. Суяб

  2. Испиджаб

  3. Отырар

  4. Йасы

  5. Тараз




  1. VIII ғасырда Суяб қаласында өз теңгелерін шығарған мемлекет:

  1. Түргеш

  2. Қарлұқ

  3. Оғыз

  4. Қыпшақ

  5. Қимақ




  1. Әкімшілік орталық қана емес, ірі сауда орны болған Суяб қаласы орналасқан алқап:

  1. Іле

  2. Талас

  3. Шу

  4. Сырдария

  5. Ертіс




  1. Х ғасырдың соңына дейін сапасының жоғарлығынан айналымда болған ақша:

  1. Отырар теңгесі

  2. Тараз теңгесі

  3. Испиджаб теңгесі

  4. Суяб теңгесі

  5. Фараб теңгесі




  1. Орта ғасырларда қолөнер мен егіншілік өнімі мал шаруашылығы өнімдеріне айырбасталған сауда бағыты:

  1. Елдер арасындағы сауда

  2. Қалалар мен көшпелі дала арасындағы садуда

  3. Қалалар мен егіншілік аймағы арасындағы сауда

  4. Қалалар мен елдер арасындағы сауда

  5. Қалалар арасындағы сауда



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет