Vi. Тест тапсырмалары І тарау бойынша тест. Кинематика негіздері



бет4/9
Дата12.12.2021
өлшемі286,69 Kb.
#99858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0000c21c-a25dea8a, 2,1 тапсырма Бахытхан Әйгерім, 1513869305
Сақталу заңдары

1-нұсқа
1.Физикада сақталу қасиетіне ие болатын шамалар бар. Механикада зерделенген қай физикалық шамалар осы қасиетке ие?

А)Күш, масса

Б)Үдеу, импульс

В)Импульс, энергия

Г)Жылдамдық , энергия
2. Массасы 50000кг ғарыш кемесінің реактивтік қозғалтқышының

тарту күші 100кН. Кеменің жылдамдығы 10м/с –ке өзгеру үшін қозғалтқыш қанша уақыт жұмыс істеу керек?

А)5000с Б) 5с В) 50с Г)5*10-2с
3. 1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан массасы 20 т вагон жолында тұрған массасы 10 т платформаға соғылып тіркеседі. Ары қарай олар қандай жылдамдықпен қозғалады?

А) 1 м/с Б) 5 м/с В) -20 м/с Г) 0,5 м/с


4. Массасы 100 т маневрлік тепловоз тыныш тұрған вагонды итеріп жіберді.

Өзара әсерлескен кезде вагонның алған үдеуі модулі бойынша тепловоздың үдеуінен 5 есе артық болды. Вагонның массасы:

А) 60 т Б) 75 т В) 35 т Г) 20 т
5. Ракетаның жанып біткен сатысы ғарыш кепесінен ажырағанда қандай да бір р импульс алады. Сол кездегі ғарыш кемесінің импульсі:

А) р Б) - р В) – 2 р Г) 2 р


6.Массасы m1 қозғалмай тұрған ұзын арбаның бір шетінде массасы m2 бала тұр. Егер бала арбаға қатысты жылдам-дықпен жүгірсе, арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

А) m2 /m1+m2

Б) m1+m2/ m2

В) m 1 / m 1 + m 2

Г) m 1 / m 2
7. Массасы m дене – жылдамдықпен қозғалуда. Дененің импульсі:

A) m /2

Б) m ²

В) m

Г) 2 m
8. Әрқайсысының массасы 1000 кг, екі автомобиль Жермен байланысты санақ жүйесінде горизонталь жолмен V1 = 10 м/с , V2 = 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші автомобильдің бірінші автомобильмен байланысты санақ жүйесіндегі импульсі:

А) – 1000 кг*м/с Б) 10 000 кг*м/с

В) 30 000 кг*м/с Г) -30000 кг*м/с
9. Дененің импульсі 10 кг*м/с, ал кинетикалық энергиясы 20Дж.

Дененің жылдамдығы:

А) 1 м/с Б) 0,4 м/с В) 4 м/с Г) 4 км/с
10. 6 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 2 кг дене тыныш тұрған екінші денеге соқтығысады. Соқтығысқан-нан кейін екі дене де бірдей 2 м/с жылдамдықпен қозғалса, екінші дененің массасы неге тең?

А) 3/2 кг Б) 2/3 кг В) 4 кг Г) 6 кг


11. Қуат қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

А) Дж Б) Вт В) В Г) А


12. Графиктен орын ауыстыру бағытындағы айнымалы күштің жұмысын анықтаңыз.

А )16Дж

Б)6Дж

В)9Дж


Г)8Дж
13. Дененің кинетикалық энергиясының өрнегін анықтаңыз.

А) m 2/2

Б)mgh

В)kx2/2

Г)mc2
14. Серпімді деформацияланған дененің ұзаруын 2 есе қысқартқанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?

А) 4 есе кемиді Б) 2 есе кемиді В) Өзгермейді Г) 2 есе артады


15. График бойынша серпімділік күшінің жұмысын анықтаңыз

А ) А =12 Дж

Б) А = 6 Дж

В) А = 0,06 Дж

Г) А= 0,12 Дж


16.3 м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 2 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?

А) 3 Дж Б) 6 Дж В) 18 Дж Г) 9 Дж
17. Жер бетінен 2м биіктікке көтерілген массасы 3 кг дененің Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясын анықтаңыз. (Еркін түсу үдеуі 10м/с²)

А) 1,5 Дж Б) 6 Дж В) 15 Дж Г) 60 Дж


18. Потенциалдық деп қандай энергияны айтуға болады?

А) Дененің қозғалысымен байланысты энергия

Б) Дененің молекуласымен байланысты

В) Деформацияланған серпімді дене энергиясы

Г) Ыстық дененің одан суығырақ денеге берген энергиясы
19. Массасы 10 кг поезд 15 м/с жылдамдықпен қозғалады. Үйкеліс коэффицентін 0,01 деп есептеп локомотивтің 1 с уақыт ішіндегі жұмысын табыңыз ( 10 м/с²)

А) 1,5 · 10² Дж Б) 1,5· 10³ Дж В) 1,5 · 104 Дж Г) 1,5· 105 Дж


20. Горизонталь жазықтықта бір-бірімен жіп арқылы байланысқан массалары бірдей 4 кг екі дененің біреуін F= 12 H күшпен тартады. Үйкеліс коэффиценті 0,2 болса, жіптің керілу күші қандай?

А) 6 Н Б) 4 Н В) 0 Г) 12 Н




2-нұсқа
1. Массасы 20кг тыныштықтағы арбада массасы 60 кг адам тұр. Адам арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен қозғалса, арбаның Жермен салыстырғандағы жылдамдығы:

А) 1,33 м/с Б) – 1,33 м/с В) 75 м/с Г) – 0,75 м/с


2. Массалары m бірдей екі шар модулдері тең жылдамдықпен қарама-қарсы қозғалған. Соқтығысқаннан кейін екі шар да тоқтаған. Соқтығысу нәтижесінде екі шардың импульстері қосындысының өзгерісі:

А ) -2 m Б ) 0 В) - m Г ) m


3. Массасы 160 г шайбының импульсі массасы 8 г , 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?

А)8,6*10-5м/с Б)2,1*10-6м/с В)30м/с Г)20*103м/с


4. жылдамдықпен қозғалып келе жатқан шар қарсы қозғалып келе жатқан жылдамдығы сондай екінші шармен серпімсіз соқтығысады. Шарлардың массалары бірдей. Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтары:

А) 0,25 Б) 0,75 В) 0 Г) 2


5. 15 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната массалары 6 кг және 14 кг екі жарқыншаққа бөлінді. Қозғалыс бағытымен үлкен жарқыншақтың жылдамдығы 24 м/с болса, кіші жарқыншақтың жылдамдығы қандай?

А) 6 м/с Б) 106 м/с В) -106 м/с Г) -6 м/с


6. Массалары m1 және m2 екі дене V1 = 4 м/с және жылдамдықтармен бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып, абсолют серпінді соқтығысқаннан кейін, жылдамдықтарымен ауысып алып, (бірінші дене 20 м/с жылдамдықпен, ал екінші 4 м/с жылдамдықпен) екеуі екі жаққа қарама-қарсы бағытта қозғалып кетті. Осы денелердің массаларының m1/m2 қатынасын анықтаңыз?

А) 1/5 Б) 1/4 В) 1 Г) 4


7. Бір дененің екінші бір денеге әсері өзара әрекеттесуді тудыратыны қай заңда тұжырымдалған?

А) Ньютонның бірінші заңында

Б)Ньютоннің екінші заңында

В) Ньютоннің үшінші заңында

Г)Энергияның сақталу және айналу заңында
8. Массасы 1 кг дене бірқалыпты қозғалыста өзінің жылдамдығын 10 м/с –тан 20 м/с –қа өзгертті. Дененің импульсінің өзгерісін анықта?

А) 10 кг*м/с Б) -10 кг*м/с В) 20 кг*м/с Г) -20 кг*м/с


9. Массасы m шар жылдамдықпен қозғалып келе жатып,массасы 2m , тыныш тұрған шармен серпімсіз соқтығысқан соң, олар қандай жылдамдықпен қозғалады?

А) (1/2) Б) (3/4) В) (4/3) Г) (1/3)


10. Үстелдің горизонталь жазықтығында массасы m және 2m екі білеуше сығылған салмақсыз серіппе арқылы жіппен байланып қойылған. Жіпті күйдіріп үзеді. Бірінші және екінші денелердің Р1және Р2 импульстері, сонымен қатар денелер тоқтағанға дейін жүрген ара қашықтықтарын салыстырыңдар.Денелердің үстолмен үйкеліс коэффициенттері бірдей.
P1 m 2m P2


А)P1=P2 ,S1=S2 Б)P2 P1 2есе, S1 S2

В)P1 P2 2есе, S1 S2 Г)P1 =P2 , S1 S2 4есе

11. Массалары 400г және 600г екі дене бір-бірімен қарама-қарсы қозғалып келе жатып, соқтығысып тоқтады. Егер бірінші дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы:

А) 2 м/с Б) 6 м/с В) 5 м/с Г) 4 м/с
12. Егер дененің кинетикалық энергиясы Е к = 100 Дж , ал импульсі 40 кг*м/с болса, оның массасы:

А) 1 кг Б) 2 кг В) 4 кг Г) 8 кг


13. Массасы m , жылдамдығы шар қабырғаға a бұрышпен серпімді соғылды. Қабырғаға соғылған шардың импульсін анықтаңыз:

А) m Б) 2 m В) 2 m cosa Г) m cosa


14. Импульстің сақталу заңы қандай жүйелер үшін дұрыс болады?

А) тұйықталған жүйелер үшін

Б) консервативті тұйықталған жүйелер үшін

В) кез-келген жүйелер үшін

Г) консервативті жүйелер үшін
15. Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады?

А) Әсерлесетін денелер соқтығысқан жағдайда

Б) Жарық жылдамдығымен салыстырғанда аз жылдамдықпен қозғалғанда

В) Тұйықталған жүйеде

Г) Жердің ауырлық өрісіндегі денелер үшін
16.Адам жүкпен 10м биіктікке көтерілуде. Адамның массасы 80кг, жүктің массасы 20кг. Адамның істеген жұмысының шамасы неге тең?(g=10м/с2)

А) 8000Дж Б)10000Дж В)2000Дж Г)6000Дж

17.Графиктен орын ауыстыру бағытындағы айналмалы күштің жұмысын анықта.. F,Н



4

3

2



1


1 2 3 4 S,м

А)16Дж Б)6Дж В)9Дж Г)8Дж
18.Массасы 60кг адам 7м/с жылдамдықпен жүріп, 2м/с жылдам-дықпен қозғалатын массасы 40кг арбаға секіріп шығады. Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен қозғалады?

А)3м/с Б)4м/с В)5м/с Г)6м/с


19.Таудан сырғанаған шаналар 240Дж кинетикалық энергияға ие болған. Егер толық тоқтағанға дейін горизонтал жолмен 12м сырғанаған болса, онда тежелу кезіндегі үйкеліс күші неге тең?

А)1Н Б)10Н В)20Н Г)100Н


20.Екі дене өзара әсерлескенде олардың үдеулерінің қатынасы =3. Егер бірінші дененің массасы 1кг болса, онда екіншісінің массасы неге тең?

А)1/3 Б)1кг В)2кг Г)3кг





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет