Спорт түрлері Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Олар: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.
Ареналар Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етеді. Астана қаласының нысандары жабық футбол стадионы, жабық конькимен сырғанау стадионы, «Қазақстан» Спорт сарайы.