С ПОРТШЫЛАР ЖЕТІСТІКТЕРІ 7-қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама сапында 9 спорт түрі бойынша «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының 44 спортшысы өнер көрсетті. Олар бұл жарыста 12алтын, 5 күміс, 4 қола медаль олжалады. Ал бұл жарыста Қазақстан спорттың 11 түрі бойынша 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальмен бейресми жалпыкомандалық есепте 1-орын алған болатын. Онда «Динамодан» өскемендік фристайлшілер арасынан
Юлия Галышева 2 алтын,
Дмитрий Бормашов 1 алтын, 1 қола,
Дмитрий Рейхерд 1 алтын,
Юлия Родинова 1 күміс жүлде алды.
Биатлонда көкшетаулық Александр Червяков 2 мәрте Азия ойындарының чемпионы, талдықорғандық Елена Хрусталева Азияның алтын және күміс жүлдегері атанды.
Шаңғы жарысынан риддерлік Алексей Полтаранин 2 алтын, 1 қола, ал Сергей Черепанов 1 күміс медаль иеленді.
Коньки тебуде қостанайлық Денис Кузин алтын жүлдені, қызылжарлық Дмитрий Бабенко 2 күміс, 1 қола жүлдені омырауына тақты.
Тау шаңғысынан өскемендік Игорь Закурдаев 1 мәрте Азия ойындарының жеңімпазы және 2 мәрте күміс жүлдегер атанды.
Шаңғымен тұғырдан секірудеалматылық Радик Жапаров қола, ал оралдықтар ерлер арасында тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енген шайбалы хоккейден чемпиондық атақты жеңіп алды.