4. ПРОКТОРИНГ ЖӘНЕ ПРОКТОРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Тестілеудің онлайн прокторингі және бейнежазбасы Zoom платформасында
нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Онлайн тест барысын бақылау үшін қабылдау
комиссиясы төрағасының өкімімен қосымша прокторлар тағайындалады.
Қатысушылар онлайн тестіге қосылар алдында оның өз смартфоны арқылы
Zoom платформасы арқылы бейнесін сәйкестендіруден өтуі міндетті. Проктор оны
көріп, құжатындағы бейнемен сәйкестендірген кейін, онлайн тест басталады.
Проктор тест барысында қатысушының смартфонына орнатылған ZOOM
платформасы арқылы оны бақылап отырады. Смартфон тест тапсырушының бүйір
жағында болуы тиіс. Онлайн тест басталар алдында проктор сәйкестендіру рәсімін
өткізеді, яғни қатысушы өз басын куәландыратын құжатты көрсетіп отырады, ал
проктор сол құжаттардан көріп отырған деректерді тест сынағынан өтушінің
профиліндегі деректермен және оның құжаттағы фотосуретін оның веб-камерадағы
бейнесімен салыстырады. Содан соң ол тестке кіріп, тапсырмаларды орындауға
кіріседі. Онлайн тест барысында проктор тест хаттамасына жазбалар жасап,
скриншоттарды сақтай алады, бұл келешекте даулы мәселелер туындаған жағдайда
қажет болуы мүмкін. Қатысушы онлайн тесттен өту ережесін бұзған жағдайда,
проктор онлайн тестті мерзімінен бұрын аяқтау себебін атап көрсетіп, тестілеуді
тоқтата алады және тест нәтижесі нөлге теңестіріледі.
Сонымен қатар онлайн-тест комиссиясының мүшелері де ZOOM платформасы
арқылы тест барысын қадағалап отырады.
Бағалау критерийлері:
Тестілеу нәтижелері 100-балдық бағалау жүйесімен
бағаланады. 1 сұраққа берілген әрбір дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.
Сұрақ саны 50, Бағалаудың шекті балы: 100 балл, тестілеу уақыты–60 минут.