Тақырыбы: Жемқорлыққа жол жоқ
Мақсаты:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру. (Мурзалиева А.Б. сөз сөйлейді)
Тәрбие сағаты:
Видео
Викторина
Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
2-жүргізуші: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты: адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев.
Достарыңызбен бөлісу: |