Видео көрсету Reading time
ІІІ. «Білім кілті кітапта» мақал-мәтелдерді құрау
1.Кітап- білім бұлағы,білім өмір шырағы
2.Оқу инемен құдық қазғандай.
3.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
4.Ердің атын еңбек шығарады.
5.Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі.
6.Ата-асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ,
Бала-жағасындағы құрақ.
7.Өнер-ағып жатқан бұлақ,
Білім-жанып жатқан шырақ.
IV.Ой қозғау
2019жылдың атаулы даталарына тоқталу
1.Қазақтың үш бәйтерегі (Бейімбет,Сәкен,Ілияс туғандарына 125 жыл)
2.Поэзия падишасы деп қай ақынды айтамыз?(Ф.Оңғарсынова туғанына 80жыл)
3.»Менің атым Қожа»,»Балалық шаққа саяхат повестерінің авторы (Б.Соқпақбаев
4.М.Әуезовтың роман-эпопеясы («Абай жолы»)
Кітап туралы ой-толғаныстар
**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
**Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.
**Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!
**Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.
**Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.
**Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.
**Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді.
**Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.
**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.
**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.
**Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,
**Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады
**Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол
кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз
ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс
бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
**Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.
**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
**-Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.
**- Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.
3.Қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |