Вистениус-Панкратьев бағы: көбелектер Жұмысты орындаған: Сағынғанов Нұрболат



бет7/7
Дата27.12.2016
өлшемі41,52 Mb.
#5808
1   2   3   4   5   6   7
Алдыңғы қанаттары ақ түсті, шеттері қабыршақтанбаған, түссіз, тек қана қара дақтары бар. Артқы қанаттары алдыңғы қанаттарының түсі сияқты, бірақ 2 үлкен қызыл дақтары бар. Жұлдызқұрттарының қара, қызыл дақтары бар, шөптекті өсімдіктерде тіршілік етеді. Қанаты зақымданған көбелектер жерге құлайды, қанатын жайып қызыл түстерімен жауын үркітеді. Аяқтары арқылы шыңылдаған дыбыс шығарады.

Түрі: Махаон (P.machaon L.)

Алдыңғы қанатының ұзындығы: 8,5 см. Ұшатын уақыты: мамыр – маусым, шілде – тамыз. Биотоптары: шалғындық, орманды жерлер. Қоректенетін өсімдіктері: жабайы аскөк, түймедағы, гүлшетен, сәлбен, шатыргүлді өсімдіктер. Жылына 2 рет ұрпақ береді. Үлкен дақтармен сыртқы жиектерден тұратын қара суретті қанаттары болады. Артқы қанаттары кең, қара жиекті, көгілдір дақтармен безендірілген. Ал ішкі бұрышында тоқ сары дақтар кездеседі. Артқы қанаттарының ұшы қара, 1 см – ден ұзын емес. Қуыршағы қара ірі көлемді, жасыл түсті көлденең жолақты және қызыл дақтарымен болады. Жабайы аскөкте, сәбізде және басқа шатыргүлді өсімдіктерде дамиды. Екі ұзын қап тәрізді безі арқылы қуыршақтар өздерінің жауларынан қорғана алады. Басының артқы жағында ұзын, қызыл шанышқысы болады. Сол арқылы олар тез арада жағымсыз иіс шығарады.

4 ҚАБЫРШАҚҚАНАТТЫЛАРДЫҢ ТӘУЛІКТТІК ЖӘНЕ МАУСЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ

Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер аралас типті тәулікті белсенді жәндіктерге жатады. Әрбір тұқымдасқа өзіне тән тәуліктік сонымен қатар маусымдық белсенділік тән. Күндізгі (нимфалидтер, парусниктер, көк көбелектер, ақ көбелектер, бархатницалар, жалпақбас көбелектер) және түнгі (совкалар, огневкалар, бражниктер, волнянкалар, пяденицалар, медведицалар т.б.) тіршілік етеді.

Көбелектердің ең белсенді кезі маусым айына келетінін байқадық. Сол кезде көбелектер имаго сатысына көшіп және өзінің тікелей қызметтерін атқарады. Біздің зерттеу ауданында ауа райының салқындауына байланысты (қазан айының басы), көбелектердің ұшуы тоқталады.

Температураның жоғарылауы тіршілік процестерінің белсенділігіне тек таңертеңгі уақытта жақсы әсер етеді. Себебі көбелектер пойкилотермді жәндіктер, олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына тығыс байланысты. Дәл осы уақытта денесі қызып және физиологиялық процестердің белсенділігі артады. Осы уақыттарда көбелектердің дарақтар саны көбейеді. Көбелектер дарақтарының азаюы 16-17 сағатта байқалды, оның себебі басқа факторларға байланысты.

Сонымен қатар белсенділікке көптеген абиотикалық факторлар да әсер етеді. мысалы: ауа райының жағдайы және күндізгі, түнгі кездегі температура.

Көбелектер тіршілігінде күн сәулесі де көп әсерін тигізеді.

Вистениус-Панкратьев бағында белсенділікке байланысты бақылаулар жүргізілді. Температура жағдайына байланысты күндер бойынша ортақ белгілері шығарылды. Көбелектер санының ең стабильді тәуліктік динамикасы ашық, жылы (25 градус) болған кезде байқалды – ол тіршілік үшін оптималды жағдай болып саналады. Осындай күндері дарақтар санының көбеюі 9-дан 11 сағатқа тең келді. Ең көп ұшуы 12 – 14 сағат аралығына сәйкес болды. Көбелектердің белсенділігінің төмендеуі 16 сағатқа тең. Көбелектер 18 сағаттан кейін ұшуын тоқтатады.

Өте ыстық (40 градус) күндері көбелектер ұшпайды және тығылып қалады, өте сирек кездестірдік. Белсенділік тек 8 – 9 сағаттан 11 белсенділік көрсетіп, қалған кезде су маңында болғанды ұнатады.

Бір түрге жататын әр түрлі биотоптағы көбелектерді салыстырғанда байқағанымыз, мысалы: ылғалы, өсімдіктер жамылғысы мол жермен шөлді жерлерден ұсталған дарақтардың сыртқы пішіндері әр түрлі болып шықты. Сондықтан мынандай қорытындыға келдік, қоршаған орта климатының көбелектердің сыртқы пішініне үлкен әсерін тигізеді. Орманды, ылғалы мол жерде кездескен дарақтардың қанаттарының түсі қою қанық, дене пішіні үлкен, қабыршақтарының түктері қалың. Қуаңшылық жерлерде кездескен сол түр өкілдерінің қанаттары күйген тәрізді (жыртылған) түстері өшкін, денесі кішірек, қабыршақтары аз болады.



ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу барысында көбелектердің Вистениус–Панкратьев бағында 16 туысқа жататын 22 түрі анықталды:

Осы түрлердің маусымдық және тәуліктік ұшу белсенділігі анықталды. Ең жоғарғы маусымдық ұшу белсенділігі маусым айында байқалды. Күндізгі көбелектер 25 градус жылы күндері ең жоғары белсенділікте болады. Орташа алғанда күндізгі көбелектердің ұшу белсенділігі 11- 16 сағатқа тең.

Зерттеу кезінде Pieridae, Nimpholidae, Lycaenidae, Papilionidae, тұқымдастарының мекен ететін жерлері және дернәсілдерінің, имаго сатысындағы көбелектердің қоректік өсімдіктері анықталды.

Зертелген аймақта көп тараған түрлерге: шалған ақ көбелек, шашақ гүл ақ көбелек, бұршақ ақ көбелек, қалақайша ақ көбелек, таспалы камила, үлкен перламутровка, тобылғы ала қоржыны, шалғын сары көбелек, шымтезек сары көбелек, жай лимонница. Аз тараған түрлерге: қымыздық қара көбелегі, туыс көз көбелегі, бұршақ көгілдір көбелегі жатады.

Сирек кездесетін түрлерге: Ниоба перламутровкасы, махаон, апаллон Эфросина перламутровкасы жатады.

Біздің коллекциямызда зиянды түрлерге жататындар: қырыққабат көбелегі, долана ақ көбелегі. Басқа түрлер зиянсыз түрлер.

Жұмыртқадан дернәсілдердің шығу мерзімі, қуыршақтың пайда болу уақыты мен орны, қай сатыда қыстап шығатыны зерттелді. Шірне жинау әртүрлі көбелектердің түрлерінде тәуліктің әр мерзімінде болады. Біреулері күндізгі уақытта ұшса, екіншілері ымыртта ұшады. Сонымен қатар қабыршаққанаттылардың жұлдызқұрттарының өсімдіктердің әртүрлі ағзасын жеп зиян тигізетін жағы да бар. Жұлдызқұрттардың арасында жыртқыштары да кездеседі. Олар жолдарында не кездессе соны жейді, тіпті өздеріне жақын түрлерді де қорек етеді. (Голубянка икардың жұлдызқұрттары агрессивті, тіпті бірін – бірі жейді). Мен ізденушілік жұмыс барысында көбелектер әлемінің таңғажайып сырларына куә болдым, қызықтым. Ендігі мақсатым Вистениус-Панкратьев бағында мекендейтін көбелектерді өзім жиі баратын Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық бақтың көбелектер түрлерімен және ерекшеліктері жағынан салыстыра зерттеу.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Насекомые Казахстана /Под ред. Митяева И.Д. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1980. – 139 с.

2. Фауны и биология насекомых Казахстана /Под ред. Мариковского П.И. – Алма-Ата: Наука, 1978. – 175 с.

3Мир бабочек. – Л., 1983. – 86 с.



  1. Дәуітбаева К. Омырқасыздар зоологиясы / К. Дәуітбаева. Алматы, 2004.

  2. Штандфусс М. Жизнь бабочек, их ловля, воспитание и сохранение. Руководство для собирателей /М.Штандфусс. – Пб., 1889, 262 с.

  3. Они должны жить: Бабочки. – М.: 1990, 197с.

  4. Мамаев Б.М. Школьный атлас – определитель насекомых. – М.: Просвещение, 1985.- 266 с.




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет