Витаминдер- химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттар. Витамин



бет1/4
Дата20.05.2022
өлшемі3,59 Mb.
#144200
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
Азаза
Документ, Психология срсп, бешенство, видео, ОРЫС ТИЛ СЕССИЯ ПОСЛЕДНИЙ (1)


ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы:

Витаминдер
  • Витаминдердің маңызы.
  • Биологиялық қызметі.
  • Витаминдердің жіктелуі.

Витаминдер- химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттар.Витамин латынша vіtа — өмір, тіршілік; vitman — тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор.
Витаминдер
  • Алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы);
  • Алициклды витаминдер қатары;
  • Ароматикалық витаминдер қатары;
  • Гетероциклды витаминдер қатары. 

Витаминдер классификациясы...
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді.
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрліше болады.
А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінгенде А1 витамині болады. Балықтың майында, етінде А2 витамині түрінде кездеседі. А1 және А2 – А витаминының түрлері.
А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында « соқыр тауық» деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет