Витаминдік препараттар



бет2/5
Дата05.12.2022
өлшемі52 Kb.
#161358
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 Витамин

Кальций пантотенаты витамин В5. Calcii pantothenas. Шығарылатын түрі: ұнтақ, таблетка 0,1, ампула 20% 1мл;
Кофермент А –ның құрамына кіреді. Тотығу процесіне, көмірсутегі, май алмасуына және ацетилхолиннің синтезіне қатысады.
Қолданылуы: полиневриттер, невралгиялар, созылмалы гепатит, панкреатит, трофикалық жаралар, қүйіктер, операциядан кейінгі ішек атониясы. Жағымсыз әсері сирек кездеседі: жүректің айнуы, құсу, қыжыл.
Пиридоксин гидрохлориді /Pyridoxini hydrochloridum/. Витамин В6.
Шығарылатын түрі: ұнтақ, таблетка 0,002; 0,005; 0,01; ампула 1%, 5% 1мл
Витамин В6 зат алмасу процесінде үлкен роль атқарады. Организмде пиридоксальфосфатқа айналып, аминоқышқылдардың карбоксилсіздендіруіне, қайта аминделуіне қатысады.
Қолданылуы: орталық нерв жүйесінің аурулары, невриттер, невралгия, паркинсонизм, радикулит, асқазан және ұлтабар жаралары, тері аурулары, екі қабат әйелдердің токсикозы.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар. Ұзақ қолданғанда бауырды зақымдауы мүмкін.
Цианокобаламин /Cyanocobalaminum/. Витамин В12
Шығарылатын түрі: ампула 0,003%, 0,01%, 0,02%, 0,05% 1мл; таблетка құрамында 0,00005г цианокобаламин және 0,0008г фолий қышқылынан тұрады.
Витамин В12 белок және нуклеин қышқылының алмасуына қатысады, эритроциттердің пісіп-жетілуіне әсер етеді, орталық нерв жүйесінің, бауырдың қызметтерін жақсартады. Витамин В12 жетіспегенде гиперхромдық пернициоздық /қатерлі/ анемия /Аддисон- Бирмер анемиясы/, невриттер, бауырдың семіруі пайда болады.
Қолданылуы: анемияларда, бауыр ауруларында, орталық нерв жүйесі ауруларында, терінің зақымдануында /псориаз, нейродермиттер, т.б./
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар, жүрек тұсы ауырады, тахикардия туғызады.
Фолий қышқылы /Acidum folicum/. Витамин Вс.
Шығарылатын түрі: ұнтақ, таблетка 0,001г
Фолий қышқылының жетіспеуі гиперхромдық макроцитарлық /фолийжетіспеушілік/ анемия туғызады. Цианокобаламинмен бірге эритропоэзді күшейтеді. Аминоқышқылдарының, нуклеин қышқылдарының, пурин негіздерінің синтезіне қатысады.
Қолданылуы: макроцитарлық, мегалобластикалық анемияларда /пернициоздық анемияда-цианокобаламинмен қосып/ , рентгенотерапиядан, сәуле және сульфаниламидтер қолданғаннан кейінгі болған лейкопенияларда.
Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар, есекжем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет