Витаминдік препараттар



бет3/5
Дата05.12.2022
өлшемі52 Kb.
#161358
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 Витамин

Аскорбин қышқылы /Acidum ascorbinicum/. Витамин С. Шығарылатын түрі: драже 0,05г, таблетка 0,025г глюкозамен, таблетка 0,05, 0,1; ампула 5%, 10% 1 – 2 мл. Витамин С тотығу-тотықсыздану процесіне, көмірсутегі алмасуына, кортикостероидтардың синтезіне қатысады. Қан тамырларының өткізгіштігін азайтады, организмнің инфекцияларға тұрақтылығын жоғарлатады.
Бұл витаминнің авитаминозында цинга ауруы пайда болады, организмнің инфекцияларға тұрақтылығы төмендейді.
Қолданылуы: гипо- және авитаминозда, геморрагиялық диатезде, сүйек сынғанда, жазылмайтын жараларда, қан кетулерде, бауыр ауруында, Аддисон ауруында, жұқпалы ауруларда, дене және ой еңбегінен түскен ауыртпалықтарда, интоксикацияларда /улануда/ және басқа С витаминіне қажеттілік жоғарлаған жағдайларда.
Жағымсыз әсері: аскорбин қышқылын үлкен дозада ұзақ қолданғанда бүйрек, ұйқы безінің қызметі бұзылуы және қан қысымы жоғарлауы мүмкін.


2. Майда еритін витаминдер препараттары.
Майда еритін витаминдерге ретинол (витамин А), эргокальциферол (витамин Д), токоферол (витамин Е), филлохинон (витамин К).
Ретинол ацетат /Retinoli acetas/. Витамин А. Шығарылатын түрі: драже 3300 МЕ /0,00114/, таблетка 33000 МЕ, капсулада 0,05г /3300 МЕ/ майлы ертінді, капсулада 0,05г /33000 МЕ/ майлы ертінді, капсулада 0,05г /5000 МЕ/ майлы ертінді, флаконда 10 мл 3,44% майлы ертінді, ампулада 1 мл 25 000 , 50 000, 100 000 МЕ майлы ертінді /бұлшық етке /.
Витамин А организмнің қалыпты өсуіне, дамуына, зат алмасуына әсер етеді. Көздің көру қызметін қамтамасыз етеді, тыныс жолдарының, ішектің кілегей қабықтарының ауруларға төзімділігін көтереді, организмнің инфекцияларға тұрақтылығын жоғарлатады. А витамині жетіспегенде гемералопия, ксерофтальмия /көз қабығының құрғауы/, ауыр жағдайда кератомаляция /мөлдір қабығының некрозы/ болуы мүмкін. Тыныс және асқорыту жолдарының, терінің кілегей қабықтары зақымдалады.
Қолданылуы: көз аурулары (гемералопия, ксерофтальмия, кератомаляция, конъюнктивиттер), тері аурулары (күйіктер, жаралар, экземалар), жұқпалы аурулар (дизентерия, пневмония, бронхит), созылмалы энтероколиттер, гепатиттер.
Жағымсыз әсері: артық дозада гипервитаминоз болуы мүмкін (бас ауырады, жүрек айниды, құстырады, ұйқы келтіреді, шаш түседі, дене ыстығы көтеріледі, тері түлейді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет