PP дәрумені –никотин қышқылы– жасушадағы тотығу-тотықсыздану үрдістеріне қатысады.
Жасыл көкөністерде, жаңғақта мол болады.
Тәуліктік қажеттілігі РР – 20 мг.
Жетіспегенде дерматит,стоматит: пеллагра ауруы байқалады.
Витамин А (ретинол)
Сүт тағамдарында, жұмыртқа, бауыр, сәбіз, бұрыш, шие, асқабақ, сары өрік, жасыл жапырақта, итмұрында кездеседі.
Маңыздылығы: Өсу витамині деп аталады, ол көзге пайдалы, теріге де әсері бар.
Тәуліктік қажеттілігі: 1,5 – 2,5 мг
Жетіспеген жағдайда: көздің көргіштігі төмендейді, “ақшам соқыр” пайда болады, организмнің өсуі тежеледі
Дәрумендердің ашылу тарихынан.
XIX ғасырдың екінші жартысында тамақтың құндылығы тек құрамындағы көмірсулар, ақуыздар мен минералдық тұздардың болуымен анықталады деген түсінік болған. Бірақ алыс сапарға шығатын теңізшілер тамақтарының жеткілікті болғанына қарамай қырқұлақ деген ауруға шалдығатындығы байқалды. Неліктен?
1880 жылы орыс ғалымы Николай Лунин жасанды сүтпен қоректендірген тышқандар арықтап, өліп қалғанын, ал табиғи сүтпен қоректендірген тышқандар өздерін жақсы сезінетіндігін бақылады.
16 жылдан кейін Жапония мен Индонезиядағы «бери-бери» деп аталатын аурудың сыры ашылды. Олар тамақ0а тазартылған күрішті қолданатын болған. Тазаланбаған күрішті қолданса ауру жазылып кеткен.
Алғашқы дәрумен кристалын поляк ғалымы Казимир Функ в 1911 жылы жасанды жолмен алды. Оған латынның "vita" - «өмір» деген сөзінен шыққан витамин-дәрумен деген ат берілді.
Сен білесң бе?
Қандай да бір дәруменнің жетіспеуі адам ағзасында зат алмасудың бұзылуына әкеліп, адам ауруға шалдығады.
Дәрумендердің адам өміріндегі ролі.
Қазіргі медицина адам денсаулығының 85% тамақтануымызға байланысты деп санайды. Тағамдарды өңдеу, сақтау, өндіру жағдайлары дәрумендердің азаюына әкелулері мүмкін. Сондықтан табиғи қнімдерді: сүт, көкөніс, жемістерді термикалық өңдеуге аз ұшыратып пайдаланған жөн.