Шығыс Рим империясынемесе Византия империясы (395-1453) (Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерін ромей деп атаған) — 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын Батыс тарихшылары XIX ғасырда енгізген.
«Византия империясы» деген терминді алғашқы рет 1557 жылы неміс тарихшысы Иероним Вольф (Hieronymus Wolf) өзінің «Corpus Historiæ Byzantinæ, a collection of historical sources» атты жұмысында қолданған. «Византий» (гр. Βυζάντιον, лат. Byzantium) деген Босфор бұғазы жанындағы б.з.б. 680 жылы іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 жылы Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды.
1648 жылы француз тарихшысының Шарль Дюканждың «Byzantine du Louvre» жұмысында және 1680 жылы «Византия тарихы» жұмысында термин қайталанып, әрі қарай француз ғылымдары: Шарль Луи де Монтескьёнің жұмыстарында жалғасын тапты.