Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Допты беру, қабылдау және ұру әдістері
Дене тәрбиесінің мұғалімі: Ауезбеков Ералхан Темирханович
Т.Аубакиров атындағы жалпы блім беретін негізгі мектебі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Допты төменнен, жоғарыдан қабылдаудың және тордан секіріп ұрып өткізудің әдіс тәсіодерімен таныстырып үйрету
Дамытушылығы: Оқушылар доппен жұмыс жасау барысында қимыл қозғалыс әрекеттерін және аяқ-қол бұлшықеттерін жаттығулар арқылы дамыту
Тәрбиелігі: Волейбол ойынына деген қызығушылығын арттыру және ойындар арқылы дәлділікке, күштілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, айла - әдістілікке баулып тәрбиелеу
Сабақтың типі: Үйрету
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың барысы: І. Дайындық бөлім
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды бөлім
Қажетті құралдар: волейбол доптары, волейбол торы, секундомер, ысқырық
Сапқа тұру, ақпар беру, сәлемдесу, үйірменің тақырыбын
мақсатын түсіндіру
Ара қашықтықты сақтау, оқушының спорттық киіміне мән беру
Орынында бұрылу жаттығулары, оңға, солға, кері
Нақты дұрыс бұрылуына назар аудару
Тізені алма – кезек жоғары көтеріп жүгіру.
Аяқты жоғары көтеріп жүгіру.
Жаттығуды аяқтың ұшымен орындау.
Тор бойымен секіру
Аяқтың ұшымен созыла секіру
Оң қол жоғары, сол қол төменде
Денені тік қолды түзу ұстаймыз
Қол желкеде, аяқ иық көлемінде денені бұру
Дене тік шынтақты барынша ашып орындаймыз.
Арқаларын бір – біріне беріп қолдарын қапсыра ұстау.
Санақ бойынша отырып тұру.
Отырып тұрғанда аяқтың ұшымен жұмыс жасау.
Арқаларын бір – біріне беріп, қолдарын қапсыра ұстап денелерін
жерден көтеріп серпу, санақ бойынша
Бір – бірін көтергенде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау
Допты еденге ұрып беру
Допты жоғарыдан беру және қабылдау
Тізені сәл бүгіп саусақтың ұшымен жеңіл қабылдау.
Допты төменнен қабылдау және беру
Допты білекке келтіру.
Допты жоғарыдан тура ойынға қосу.
Допты ойынға қосқан кезде допты 20-30 см жоғары көтеру
Допты төменнен тура ойынға қосу
Допты тура шабуылдап соғу
Жоғары секіріп допты алақан мен секіріп ұрамыз
Ықшамдалған ережемен волейбол ойынау 6 х 6
Үйренген әдіс – тәсілдерді қолдану
1
2
3
4
5
6
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы Б Ө Л І М
Сапқа тұру, сабақты қорытындылау. Ойын әдіс тәсілдерін жақсы меңгерген
оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма.
Ойын барысында жіберген қателіктерін айтып ескерту.