Волейболдың даму тарихы Волейбол, volley — «қалқып ұру»



бет1/3
Дата13.12.2021
өлшемі18,88 Kb.
#100079
  1   2   3
Байланысты:
bfb83b16-6661-44f5-afae-2c3e74d06981 (2)


Мақсаты: Волейбол ойыны арқылы, бұлшық еттердің барлық топтарының, секіргіштік, икемділік және қозғалыс реттілігін үйлесімді дамуына көмектеседі.

Волейболдың даму тарихы

Волейбол ((, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») ) — ойын спорты.

1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:


  • Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

  • Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 м).

  • Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 м).

  • Биіктігі: 6,5 фут (198 см).

  • Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы — 340 г.


Ойынның барысы:

Бұл ойынның кең таралуына ережесінің қарапайымдылығы, орындалатын қимыл-қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болды. Ол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болды.

Волейбол ойынының пайда болғанына 100 жылдай уақыт өтті. Волейбол ойыны бүкіл дүние жүзіне тез әрі кең тарады. Волейболды әрқайсысында 6 адам болатын екі команда ойнайды. Бір команданың ойыншылары алаңның ортасына тартылған тор арқылы допты екінші команда жағына алаң шекараларынның ішінне түсетіндей немесе қарсыласы ойын ережелерін бұзып қабылдап,қарайтындай ретте бағыттайды. Алаңның ұзындығы -18, ені 9 метр болып тор арқылы екі тең бөлікке бөлінеді. Жарыс үш немесе бес кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы командалардың бірі 25 ұпай жинағанша жалғаса береді. Оқушылар жарыстары көп жағдайда 3 партиядан тұрады. Дұрыс тұра білу-жаңа бастаған волейболшылар үшін шарт. Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей,шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді.. Оған себет-доп алақанға көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін кідірік қалуы. Допты ойынға қосу торға қарап тұрғанда орындалады. Екінші қол сермеу үшін артқа қарай созылады. Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады.Ұшып келе жатқан допты кейін, қолдарын алға кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмсылады. Соққы допты күшті тиюі үшін қолдын ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс. Шабуыл соққыларын жасауды бірден үйрену қиын. Ойыншы допты жоғары қарай сәл лақтырып қалып созылған қолмен допты ұру арқылы ойынға қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет