Байланысты: 9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd
Бірінші этап. Оның негізгі міндеті – спорттық форманы қалыптастыру үшін алғышарт құру. Бұл міндетті шешуде дайындықтың барлық бөлімінің маңызы бар, дегенмен бәрінің өзіне тән салмағы бар.
Физикалық дайындық басымдау, бірінші этапта оған жалпы уақыттың 40%-і бөлінеді. Ол ағзадағы функционалды мүмкіндікті көтеріп, қозғалыс дағдыларының диапазонын кеңейтуге және ойыншының іскерлігін қамтамасыз етуі керек. Яғни, ары қарай арнайы физикалық дайындық құралдарымен үйрену мен дағды жетілдірілетін негіз құру. Бұл үшін жеңіл атлетика, ауыр атлетика, акробатика және және басқа спорт ойындарының құралын пайдаланады. Дегенмен, жаттықтығуларды бұлшықет күшінің сипаты мен қозғалыс құрылымын ескере таңдаған дұрыс.
Бұл этапта техникалық дайындық алғы орындарда тұрады. Оған жалпы уақыттың 40% -і бөлінеді. Ойыншылар жаңа техникалық тәсілдерді меңгеріп, кемшіліктермен жұмыс жасайды. Техниканы жетілдіру ары қарай да жалғасады.
Тактикалық және ойындық дайындыққа бұл этапта уақыттың 20%-і бөлінеді. Оның негізгі бағыты – жалпы ойындық дағдыны қалыптастырып, дағдыны меңгеру және жетілдіру , жеке және топтық тактикалық әрекетті жасай білу.
Дайындықтың барлық этапында психологиялық дайындыққа үлкен көңіл бөледі. Бірінші этапта көңілді спорттық еңбексүйгіштікке аударады, ерік мүмкіндігінің деңгейін көтеруге бөледі, бұл спорт шығармашылығында жеңісті анықтайды.
Теориялық дайындық дайындықтың барлық этапында жүреді. Бірінші этапта ойыншылар білім алады немесе тереңдетеді, бұл спорт шығармашылығының негізін құрайды. өткен жылдың қорытындысын сараптайды, ойыншылар алдағы жылға жасалған жоспармен алдағы жарыстың күнтізбесімен, жеке жоспар құруымен, бақылау тапсырмаларымен танысады.
Бақылау сынақтары өткізіледі.
Бұл этапта жаттықтырудың негізгі формасы – физикалық және техникалық дайындық бойынша арнайы және кешенді сабақтар. Ал жүктеме ерекшелігіне келетін болсақ жаттықтыру жүктемесінің жалпы көлемі ұлғады және қарқыны бәсеңдейді.