Волейболшылардың физикалық дайындығының ерекшеліктері
|
Аманқұл Берік Арыстанбекұлы
| Кіріспе.
Осы уақытқа дейін көптеген әдебиет көздері бойынша волейболдың отаны бұл ойынның Европа мен Азиаттық континентте (Қытай, Жапония, Корея) өте ерте пайда болғандығы жөнінде деректердің болуына қарамастан Америка құрама штаттары саналып келді.
АҚШ-тағы бұл ойынның авторы Массачусетс штатының Гелиок қаласындағы колледждің дене тәрбиесі оқытушысы Вильям Морган болды. Ол ерекше дайындықты қажет етпейтін және қондырғыларға аз шығын кететін қарапайым ойын құрғысы келді. 1895 жылы Морган жаңа ойынның ережесін жасап шығарды және ол волейбол деп аталды, ағылшын тілінен аударғанда "ұшатын доп" дегенді білдіреді. Алғаш рет волейбол 1896 жылы Спрингфилдте публика алдында көрсетілді.
1897 жылы АҚШ-та жаңартылған алғашқы ережелер 10 параграфтан тұрды:
Алаңды бөлу
Ойын үшін қажетті құралдар
Алаңның көлемі – 25х50 фут (7,6 мх15,1)
Тор өлшемі –2х27 фут (0,61х8,2м). Тордың биіктігі – 6,5 фут (198см)
Доп- былғары немесе полятняном футлярдағы резиналық камера. Доптың шеңбері –25-27 дюйм (63,5-68,5см), салмағы 340г
Допты ойынға қосу. Допты ойынға қосуды жүргізетін ойыншы бір аяғын сызықтың бойында ұстап, допты ашық алақанмен ойынға қосуы тиіс. Егер допты ойынға қосқаннан кейін бірінші допты беруде қате жіберілетін болса, онда доп ойынға қайтадан қосылады.
Есеп. Қарсыластармен қабылданбаған әрбір ойынға қосылған доп бір ұпай береді. Ұпайлар тек меншікті допты ойынға қосқанда ғана есептеледі. Допты ойынға қосқандар жағына допты жібергеннен кейін қате жіберілетін болса, онда допты ойнға қосатын ойыншы ауыстырылады.
Егер ойын уақытында доп торға түсетін болса, бұл қате болып саналады.
Егер доп сызыққа түсетін болса, онда қате болып табылады.
Ойыншылар саны шектелмеген.
Бірте-бірте ойын әртүрлі елдерде танымал бола бастады. Әсіресе Европалық континентте волейбол жылдам таралады. Елдердің алғашқы ресми (Чехословакия, Польша) біріншілігін жүргізу басталады. 1928 жылы Мәскеуде бағдарламасына волейбол қосылған Бүкілодақтық спартакиада жүреді. Волейболдың танымалдығы кеңейеді және ойын ережелері де өзгереді, жетілдіріледі.
1900 жылы – ойын партиясы аяқталған болып есептеледі, егер командалардың біреуі 21 ұпай жинаса. Тордың биіктігі 7 фут (213 см). Сызық алаңның бөлігі болып табылады.
1912 жылы алаң көлемі – 25х60 фут (10,6х18,2); тор биіктігі 7,5 фут (228 см); тордың ені –3фут (91 см). Допты ойынға қоса алмағаннан кейін ойыншылар ауыстырылады.
1917 жылы – тордың биіктігі – 8фут (243 см); партия 15 ұпайға дейін созылады.
1918 жылы- команда құрамы 6 ойыншымен шектелген.
1921 жылы- орта сызық енгізіледі.
1922 жылы- әрбір команданың ойыншыларына тек қана доппен үш соққы беруге рұқсат беріледі.
1923 жылы- алаң көлемі-30х60 фут (9,1х18,2м). 14:14 есебінде бірінші болып 2 ұпай жинаған команда жеңімпаз саналады. Бұдан көріп отырғанымыздай ойын ретінде волейболды сипаттайтын ережелердің негізгі пунктері осы 1917-1925 жылдар кезеңінде қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |