Волейболшылардың физикалық дайындығының ерекшеліктері Аманқұл Берік Арыстанбекұлы



бет14/15
Дата07.02.2022
өлшемі39,32 Kb.
#87396
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd

Екінші этап. Бұл этаптың негізгі міндеті - жаттығушылықтың жоғарылауы, волейболшылар үшін тән арнайы қасиеттер мен дағдыларды дамыту.
Физикалық дайындық жалпы уақыттың 20%-ін алады. Ол жалпы жаттығудың одан әрі дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Қосымша, жұмыс қабілетін толық және тез қалыптастыратын құралды пайдаланады, соның ішінде кросс және спорт ойындарының кейбір түрі. Арнайы физикалық дайындықтың үлес салмағы көтеріледі.
Техникалық дайындыққа жалпы уақыттың 30%-і бөлінеді. Негізгі мәнді ойын шартына жақындастырылған жағдайда ойыншылар орындайтын функцияны ескере отырып, допты игеру техникасын үйрену мен жетілдіруге бөледі.
Тактикалық ойындық және жарыстық дайындық бұл этапта жалпы уақыттың 50%-ін құрайды. Негізгі көңілді жеке әрекетті үйрену мен жетілдіруге бөледі. Ойыншылар жаңа топтық өзара іс-әрекет пен командалық әрекетті меңгереді, сондай-ақ, алдында үйренген ұжымдық әрекетті нақтылап, жетілдіреді. Команда құрамы мен жекелеген ойыншылардың функциялары белгіленеді.
Психологиялық дайындық процесінде жүктеменің өсуі мен біркелкі жаттығуларды ұзақ пайдаланудан туындайтын шаршаумен күрес жүреді. Әрі жұмыс жекелеп жүреді.
Теориялық дайындық жаттықтырудың жалпы негіздері бойынша материалды үйренуге, күнделік жазбаларын талдап, жеке тапсырмаларды орындауға арналады. Жаттығушылар дайындалып, өз бетімен теориялық сабақтарда техникалық және тактикалық дайындықтың әртүрлі тақырыптары бойынша сөз айтады.
Бұл этапта жаттығудың негізгі формасы – жұмыстың жеке, топтық, командалық жұмыс тәсілін қолдана отырып техникалық, физикалық, тактикалық және ойындық дайындықтың арнайы және кешенді сабағы.
Жаттықтырудың жарыстық және интервалды әдістердің үлес салмағы өседі.
Жүктеменің жалпы көлемі тұрақталып, жаттығуды орындау қарқыны артады.
үшінші этап. Оның міндеті – спорт формасының қалыптасуының аяқталып, ойыншылардың арнайы жарыстық жұмысқа енуі. Дайындық бөлімінің үлес салмағының арақатынасының өзгеруі жалғасады.
Жалпы уақыттың 10%-ін құрайтын арнайы физикалық дайындық жалпы жаттығушылықты ұстап тұруға және оның жаттығуы мен жұмыс қабілетінің өсуіне тығыз байланысқан жақтарын күшейтуге бағытталған.
үлкен көңілді жұмыс қабілетін толық және жылдам қалпына келтіруге көмектесетін құралдарға бөлінеді.
Физикалық қасиетін дамытуға арналған жұмыстар жылдамдық, жылдамдық-күштік қасиетті және арнайы төзімділікті дамытуға бағытталған.
Техникалық дайындық жалпы уақыттың 30%-ін алады. Техникалық тәсілдер бұдан да қиын шаршау шарттарында қолданылады.
Тактикалық, ойындық және жарыстық дайындыққа уақыттың 60%-і бөлінеді, әрі негізгі көңілді ойындық және жарыстық дайындыққа аударады.
Жекелеген, топталған және командалық әрекеттерді қорғауда да, шабуылдауда негізінен ойында және жарыста жетілдіреді.
Психологиялық дайындықта жарысқа деген психологиялық дайындық, жеңіске физикалық және рухани күштің максималды көрінуі ерекше мәнге ие болады.
үшінші этапта физикалық және техникалық дайындық бойынша бақылау сынақтары, команданың техника-тактикалық шеберлігі тексерілетін бақылау және достық кездесулер өтіледі.
Жаттығудың негізгі формасы бұл этапта – техникалық және тактикалық дайындық бойынша кешенді сабағы жүреді. Ойын дайындығындағы тематикалық жаттықтырулар техника-тактикалық тәсілді жетілдіруге бағытталған.
Жүктеменің жалпы көлемі кішірейіп, белсенділігі өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет