Ағымдық жоспарлау
Жылдық жоспарлау перспективті жоспарлаудың негізгі бөлігі болып табылады. Бірақ ол бірқатар ерекшеліктермен ерекшеленеді: бақылау тапсырмаларының және құралдың көптігімен, барлық дайындық бөлімдері бойынша уақыттың дәл есебімен.
3. Жаттықтырудың кезеңденуі
Спорттық тәжірибеде жаттықтыруды үш кезеңге бөлу қабылданған: дайындық, жарыстық және өтпелі. Бұлар үлкен бір цикл құрайды. Волейболда жыл бойында екі спорттық маусым болады (қыстық, жаздық). Осыған байланысты жылына екі үлкен (цикл) айналым қарастырылады. Мысалы, оқу орындарында жоспарды бір жылдық циклға құрған дұрыс. Бір жыл бойы үздіксіз жұмыс жасайтын мекеме, кәсіпорын, басқа да ұйымдар үшін, сондай-ақ жоғары разрядтағы команда үшін дайындықты жылына екі циклмен құрған жөн: күзгі-қысқы (қыркүйек, сәуір) және жазғы-көктемгі мамыр-тамыз).
Осы циклдардың қайсысында жылдың басты жарысы жоспарланатындығына тәуелді бір цикл басты, екіншісі бағыныңқы болады. Демек, 2 үлкен жылдық цикл екі дайындық, екі жарыстық және екі немесе бір өтпелі кезеңдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |