Байланысты: 9 Аманқұл Берік Арыстанбекұлы ВОЛЕЙБОЛ 22222rd
3.1. Дайындық кезеңі Бірінші дайындық кезеңін көзделген міндетке сәйкес дайындықты дәл жоспарлауға мүмкіндік беретін сатыларға бөлген дұрыс. Кезеңнің ұзақтығы мен мерзімі дайындық міндетіне, жарыс күнтізбесіне тәуелді болады.
Дайындық кезеңі жаттықтырудың әрбір жаңа циклінің басталуымен басталады, негізгі жарыстың алғашқы күнтізбелік ойын алдында аяқталады. Мұнда болашақ жетістіктердің негізі қаланады, сондықтан ол мүмкіндігінше жалғасуы керек. Осы кезеңде жаңа методикалық тәсілді қолданады, команда құрамындағы ойыншылардың дайындығын тексереді, жаңа техникалық тәсілдер мен тактикалық әрекеттерді меңгереді.
Екі дайындық кезеңде де жаттықтырудың мазмұны мен жаттықтыру тәсілі ұқсас. Физикалық дайындық құралы ғана кейде ауысады. Дегенмен команда ауада сабақты толық доғаруы тиіс емес. Физикалық дайындық қатарына кроссты да кіргізуі қажет. Дайындық кезеңінде арнайы физикалық дайындыққа көңілді көбірек бөледі. Техникалық және тактикалық дайындыққа зейінді алдын ала үйренген тәсіл мен әрекетті жетілдіруге аударады. Жалпы дайындық процесінде үлкен мәнді ұжым болмысына, өз әрекетіне сенімді болуға тәрбиелеуге бөледі. Бірте-бірте ойын және жарыс дайындығына уақыт ұлғайды. Жүктемеде де біршама өзгерістер жүреді – көлем бірнеше кішірейіп, оның есесіне жаттығулардың қарқындылығы ұлғаяды. Осылайша, бұл дайындық кезеңінде жылдың басты жарысына дайындық аяқталады.
Дайындық кезеңі үш этапқа бөлінеді.