Кариестен тыс зақымданулар
$$$001
20 жастағы бойжеткен косметикалық ақауға, алдыңғы тістер эмалінде ақ дақтар пайда болуына шағымданады. Анамнезінен – бұрын дақтар болмаған. Тексергенде вестибулярлы беттің мойын аймағында ақ дақ бар. ЭОД – 2мкА. Дақ 2% метилен көк ерітіндісімен боялады. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді?
A) егелеу, композияциялық препараттармен пломбалау
B) дақты тегістеу, фторлакпен жабу
C) реминерализациялаушы терапия
D) винир жасау
E) пломбалау
{Дұрыс жауап}= С
{Қиындығы}= 3
$$$002
18 жасар жігіт жоғарғы жақ тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданады. Тісінің түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахитпен ауырған. Қарап тексергенде: алдыңғы күрек тістерінің вестибулярлы бетінде және бірінші азу тістердің төмпешіктерінде симметриялы орналасқан бор тәріздес дақтар орналасқан. Дақтың беті тегіс, жылтыр. Қосымша зерттеу әдісінің қай түрін ең бірінші қолдануға тиімді?
A) рентгенография
B) пальпация
C) электроодонтометрия
D) перкуссия
E) витальды бояу
{Дұрыс жауап}= E
{Қиындығы}= 2
$$$003
Науқас 18 жаста. Шағымы жоқ. Тексергенде 22 тіс вестибулярлы бетінің мойын аймағында бор түсті дақ анықталған, зондтағанда кедір – бұдыр анықталады. Зондпен тексергенде тірелу сезімі жоқ. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады?
A) сұрау
B) перкуссия;
C) пальпация;
D) витальды бояу әдісі
E) термодиагностика
{Дұрыс жауап}= D
{Қиындығы}= 3
$$$004
25 жастағы жас қыз косметикалық ақауға шағымданып келді. Тіс түсінің өзгеруі бала кезінен. Туған туыстарында да тіс өзгеруі бар. Қарау кезінде: жоғарғы және төменгі жақ тістерінің төмпешіктермен кесу қырларынын вестибулярлы жағынан әртүрлі мөлшері мен пішіні бар, көптеген ќоңыр түсті дақтар анықталды. Жоғарғы орталық және бүйір күрек тістерінің кесу қырлары қою- қоңыр түсті. Төменде жазылған шаралардың қай емдік тактикасы ең қолайлы?
А) Дентин резекциясы
В) Ламинаттардың жасалуы
С) Реминерализация терапиясының курсы
D) Тіс қалдықтарын алу
E) Егеу және тазалау, пломбалау
{Дұрыс жауабы} = В
{Қиындығы} = 3
Достарыңызбен бөлісу: |