Пародонт аурулары
$$$001
Науқас А, 16 жаста, тістерін тазалағанда қызыл иек қанағыштығына, қызыл иектің өсуіне шағымданады. Шағымы 1 жыл бұрын пайда болған. Объективті: төменгі және жоғарғы жақ алдыңғы тістер аймағында қызыл иек бүртіктері қызарған, ісінген, ұлғайған (тіс сауытын 1/2 бөлігіне дейін жабады) тістерден сыдырылып алынады, зондпен тексергенде қанайды; тереңдігі 4-5 мм жалған қалталар бар. Тістесуі терең, көп мөлшерде қызыл иек үсті тіс шөгінділері бар. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады?
A) рентгенологиялық зерттеу
B) пародонталды индексті анықтау
C) эхоостеометрия
D) реопародонтография
E) полярография
{Дұрыс жауап} = A
{Қиындығы}= 3
$$$002
Ауыз қуысы кілегей қабығы мен пародонт капиллярлар арнасының жағдайын оқып үйрететін қандай тексеру әдіс?
A) капилляроскопия
B) реография
C) полярография
D) электромиография
E) электроодонтометрия
{Дұрыс жауап} = A
{Қиындығы}= 3
$$$003
Гематома түзілу уақытына негізделген, қызыл иек капиллярларының вакуумға тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік беретін қандай зерттеу әдісі болып табылады?
A) реопародонтография;
B) полярография;
C) капилляроскопия;
D) биомикроскопия;
E) Кулаженко сынамасы
{Дұрыс жауап}=Е
{Қиындығы}=3
$$$004
Гипертрофиялық гингивиттің фиброзды түрін емдеудің мейлінше оңтайлы тәсілдері қандай?
A) қабынуға қарсы препараттар мен ферменттермен аппликация жасау
B) антибиотиктер енгізу
C) склероздеуші терапия жүргізу
D) қызыл иектерге электрлі коагуляция, криохирургия жүргізу
E) биологиялық белсенді заттарды енгізу
{Дұрыс жауап}=D
{Қиындығы}=3
$$$005
35 жастағы, науқас, дәрігер- стоматологқа, тістерін тазалаған кезде қызыл иектерінің қанайтынына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданып келді. Объективті тексерісте: 31, 41 тістер аймағындағы қызыл иектер қан кернеген, ісінген. Тереңдігі 3,5 мм- ге жететін пародонталды қалталар бар, тістердің қозғалғыштығы байқалмайды. Осы жағдайда қандай хирургиялық әдіс қолайлы болып табылады?
А) кюретаж
В) френэктомия
С) гингивотомия
Д) гингивоэктомия
Е) жамау оталары
{Дұрыс жауап} = А
{Қиындығы}=3
$$$006
Ауыз қуысына лейкоциттердің көшу қарқындылығын анықтауға мүмкіндік беретін қандай сынама болып табылады?
А) домбықпа сынамасы
В) пергидролді сынама
С) гистаминді сынама
Д) амидопирин сынамасы
Е) Ясиновский сынамасы
{Дұрыс жауап} = Е
{Қиындығы}=3
$$$007
Альвеолярлы иірім биіктігінің 2/3 түбір ұзындығына дейін біркелкі төмендеуі, сүйек суретінің айқындылығы, тығыздығы, остеосклероз, кортикальды табақшаның бүтін болуы сияқты рентгенологиялық белгілер қандай ауруға тән келеді?
A) ремиссия сатысындағы пародонтит
B) Орташа дәрежелі жайылмалы пародонтит
C) Ауыр дәрежелі жайылмалы пародонтит
D) ауыр дәрежелі пародонтоз
Е) жеңіл дәрежелі пародонтоз
{Дұрыс жауап} = Д
{Қиындығы}=3
$$$008
Альвеолярлы иірім биіктігінің 1/3 түбір ұзындығына дейін біркелкі төмендеуі, сүйек суретінің айқындылығы, остеосклероз сияқты рентгенологиялық белгілер қандай ауруға тән келеді?
A) ремиссия сатысындағы пародонтит
B) жеңіл дәрежелі жайылмалы пародонтит
C) жеңіл дәрежелі пародонтоз
D) oрташа дәрежелі жайылмалы пародонтит
E) ауыр дәрежелі жайылмалы пародонтит
{Дұрыс жауап} = С
{Қиындығы}=3
$$$009
61 жастағы, науқас, қызыл иегінде қышу сияқты, қолайсыз сезімнің болуына, тістердің жоғары сезімталдығына шағымданады. Ауыз қуысында: қызыл иектің түсі бозарған, түрлі дәрежедегі қызыл иек ретракциясы, 13,14, 15 23, 24, 25 тістерде сына тәрізді ақау анықталды. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
A) пародонтит
B) гингивит
C) пародонтома
D) пародонтоз
E) пародонтолиз
{Дұрыс жауап} =Д
{Қиындығы}=2
$$$010
Үштік белгі: қантты емес диабет, экзофтальм, «географиялық» бас қаңқасы, ауыз қуысында жайылмалы пародонтитке тән өзгерістер болады. Рентгенологиялық суретте: жақтар альвеолярлы өсінділеріндегі сүйек тіндерінің деструкциясы айқындалады. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
А) Гоше ауруы
В) Леттерер- Сиве ауруы
С) эозинофильді гранулема
D) Лефевр- Папийон синдромы
Е) Хенд- Шюллер- Крисчен синдромы
{Дұрыс жауап} =Е
{Қиындығы}=2
$$$011
Баяу ағымдылығымен, ұстағанда тығыз келген, альвеолярлы өсіндінің барлық бойында орналасқан, ауырмайтын, бұдырлы өсінділердің болуымен ерекшеленеді. Гистологиялық көрінісі: қан тамырлары аз, тығыз коллагенді дәнекер тіннің болуы, ұсақ жасушалы инфильтрацияның болуымен сипатталады. Рентгенологиялық суретте остеопороз белгілері байқалады. Ең қолайлы диагноз қандай болып табылады?
A) эпулис
B) тері мүйізі
С) Гоше ауруы
D) қызыл иек фиброматозы
Е) эозинофильді гранулема
{Дұрыс жауап} = D
{Қиындығы} =2
Достарыңызбен бөлісу: |