Вопросы на казахском языке



бет112/463
Дата27.01.2022
өлшемі1,66 Mb.
#115184
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   463
Байланысты:
Вопросы на казахском языке

Гингивит

$$$001


Бала 15 жаста. Шағымы: қызыл иегі ауырады, тамақ ішкенде ауырсыну күшейе түседі. Дене қызуы 38С көтерілген, әлсіздік сезінеді. Бір апта бұрын тұмауратып ауырған. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі тіс қатары бойында тіс аралық бүртіктер мен жиектік қызыл иек қызарған, ісінген. Барлық тістер айналасында бетін некроздық қақ басқан ойық жаралар. Жағымсыз иіс бар. Диагноз қойыңыз.

A) жедел катаральды гингивит

B) жедел ойық жаралы гингивит

C) жедел ойық жаралы – өлі еттенген гингивит

D) созылмалы десквамациялық гингивиттің асқынуы

E) созылмалы катаральды гингивиттің асқынуы

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделігі}= 3

$$$002

Бала 14 жаста. Тіс қатары бойында қызыл иек жиегі ұлғайған. Қызыл иек аздап қызарған, тіс сауыттарын 1/2 биіктігін жапқан, тығыз. Шиллера-Писарева сынамасы оң. OHIS=1,5. Физиоем тағайындаңыз.



A) озонотерапия

B) сәулемен емдеу «биоптрон»

C) аскорбин қышқылымен электрофорез

D) УФО


E) УВЧ

{Дұрыс жауап}= С

{Күрделігі}= 3

$$$003


Бала 15 жаста. Шағымы: қызыл иегі ауырады, тамақ ішкенде ауырсыну күшейе түседі. Дене қызуы 38С көтерілген, әлсіздік сезінеді. Бір апта бұрын тұмауратып ауырған. Ауыз қуысында: жоғарғы және төменгі тіс қатары бойында тіс аралық бүртіктер мен жиектік қызыл иек қызарған, ісінген. Барлық тістер айналасында бетін некроздық қақ басқан ойық жаралар. Жағымсыз иіс бар. Ем тағайындаңыз.

A) ауыз қуысын кәсіби тазалау, 3% КJ ертіндісімен электрофорез

B) ауыз қуысын антисептикпен шаю, «миконаз» майымен аппликация

C) ауыз қуысын антисептикпен шаю, трипсинмен, «метрогил» гелімен аппликация

D) «ацикловир» гелімен аппликации, 5-6 күні «метилурацил» майымен аппликация

E) ауыз қуысын антисептикпен шаю, «метилурацил» майымен аппликация

{Дұрыс жауап}= C

{Күрделігі}= 3

$$$004

13 жастағы бала тістерін тазалағанда және қатты тағам қабылдағанда болатын ауырсыну мен қанауға шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ауыз қуысында: тістерінде жұмсақ тіс қағы, қызыл иегі қызарған, ісінген, тегіс, аспап тигенде тез қанағыш. Нақтамалау әдісін таңдап, себебін көрсет.



A) Ясиновский сынамасы - лейкоциттердің миграциясын анықтайды

B) Шиллер-Писарев сынамасы - тістердің тазалығының сапасын анықтайды

C) Грин-Вермильон индексі, себебі тіс қағын анықтайды

D) РМА индексі - қызыл иектегі қабынуды деңгейін анықтайды

E) рентгенография – сүйектегі деструкциялық өзгерістерді анықтайды

{Дұрыс жауап}= D

{Күрделігі}= 2

Пародонтит

$$$001


Жасөспірім 17 жаста. Ауыз қуысында қызыл иегінің сілемейлі ісінген, қанталаған. Тістерінің вестибуло-оральды бағытта (І деңгей) қозғалғыштығы анықталады. Сүңгілегенде пародонтальды қалталар 3-3,5 мм дейін жетеді. Рентгенографияда қандай көріністі байқайсыз?

A) тіс аралық перденің 1/3 резорбциясы

B) тіс аралық перденің ½ дейінгі резорбциясы

C) тіс аралық перденің ½ артық резорбциясы

D) тіс аралық перденің толық резорбциясы

E) сүйек тінінің лакунарлы еруі

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделігі}= 3


$$$002

Жасөспірім 15 жаста. Төменгі жақтың тікелей панорамалық рентгенографиясында пародонтит белгілері: 1.2,2.6,3.5,4.2,4.3 тістер айналасында альвеола аралық перделердің кортикальды табақшалары жойылған, перде биіктігінің 1/3 бұзылған. Рентгенологиялық көріністі атаңыз?

A) деструкциялық өзгерістер

B) қызыл иек бүртіктерінің өлі еттенуі

C) қызыл иек бүртіктерінің гипертрофиясы

D) үдемелі остеолизис

E) дистрофиялық өзгерістер

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделігі}= 3

$$$003


Жасөспірім 14 жаста. Шағымы: тіс қатарының оң бөлігіндегі қызылиектің қанағыштығы, қышуы. Ауыз қуысында 16, 17 тістер қызыл иегі қршқыл қызыл түсті, ісінген, грануляциялар бар. Сүңгілегенде пародонтальды қалталар 4 мм дейін жетеді. Диагноз болжаңыз?

A) созылмалы шектелген пародонтит

B) созылмалы жайылмалы пародонтит

C) созылмалы гипертрофиялық гингивит

D) созылмалы шектелген гингивит

E) созылмалы катаральды гингивит

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделігі}= 3


$$$004

Жасөспірім 17 жаста. Ауыз қуысында: тістердің мойын бөлігінде көптеп тіс үстілік тастар жиналған. Диагнозы: созылмалы жайылмалы пародонтит, ауыр дәрежелі. Тіс шөгінділерін алуды жүргізу керек:

A) кюретажға дейін

B) кюретаж барысында

C) кюретаж жасағаннан кейін

D) шина салғанға дейін

E) шина салғаннан кейін

{Дұрыс жауап}= A

{Күрделігі}= 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   463




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет