19. Науқас 32 жаста, жоғарғы жақсүйектің оң жағындағы тісте температуралық тітіркендіргіштерге болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Объективті: 16 тістің медиальді – шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Кіреукенің салбыраған жиектері көрінеді. Суыққа қысқа мерзімді ауырсынады. Тісжегі қуысын зондтағанда ауырады. Перкуссия ауырсынбайды. ЭОД – 12 мкА. Диагноз қойыңыз.
Орташа кариес
20. 25 жастағы ер адам дәрігерге тістен жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Анамнезінен бұрын тісі қатты ауырған, ыстық тамақ ішкеннен кейін ұзақ уақыт ауырады. Қарау барысында 26 тіс сауытының түсі өзгерген, тіс қуысымен байланысқан терең тісжегілік қуысы бар. Ұлпаны беткейлік зондтау ауырмайды, терең ауырады. ЭОД 80 мка. Берілген көріністер қай пульпиттің клиникасына сәйкес келеді?