Воспаление лектор: к м. н., Власова Л. Н


Глоссит- тілдің шырышты қабығының қабынуы



бет3/3
Дата19.03.2022
өлшемі6,59 Mb.
#136179
1   2   3
Байланысты:
1. Қабыну
Тарих, Дiнислам семинар әлеуметтану, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 16-osh bzhb adebiet 8-syn, 1 курс.British traditions and customs прав.2020, 1 курс.British traditions and customs прав.2020, Философия 6-тапсырма, Философия 5 тақырып Сағынбай Айзада 210Б

Глоссит- тілдің шырышты қабығының қабынуы

Бронхит

Жедел мен созылмалы қабынудың айырмашылығы

  • ЖЕДЕЛ:
  • Жасушалар:
  • плазма белоктары
  • лейкоциттер,
  • макрофагтар
  • СОЗЫЛМАЛЫ:
  • Жасушалар:
  • макрофагтар
  • фибробластардың пролиферациясы
  • ақыры: фиброз (склероз)

ЖЕДЕЛ

  • ЖЕДЕЛ
  • Ағза консистенциясы: жұмсақ
  • Экссудация: бар
  • Ұзақтығы: сағаттан бірнеше күнге дейін
  • Ақыры: толық қалпына келеді
  • СОЗЫЛМАЛЫ
  • Ағза консистенциясы: қатты
  • Экссудация: жоқ
  • Ұзақтығы: айдан бірнеше жылға дейін
  • Ақыры: толық жазылмайды, ағзалардың бұзылуына алып келеді

Қабыну даму үшін 3 фаза қатар жүру керек!!!

  • Альтерация (дистрофия, некроз)
  • Экссудация (син: сусіңділенуі, ісіну, сұйықтық)
  • Пролиферация – жасушалардың көбеюінен тыртық (склероз) дамиды

1. Альтерация (зақымдалу)

  • Зақымдалған жасушалардан
  • А). Қабыну медиаторлары: гистамин, серотонин, брадикинин,
  • Б). Қан айналым шеңберіндегі медиаторлар:
  • Кинин
  • Комплемент жүйесі
  • Хагеман жүйесі
  • Қан ұю жүйесі (тромб, фибринолиз)

II. Қан тамырлар реакциясы (спазм, гиперемия, стаз) және қанның реологиялық (лейкоциттер) қасиетінің бұзылуы.

  • II. Қан тамырлар реакциясы (спазм, гиперемия, стаз) және қанның реологиялық (лейкоциттер) қасиетінің бұзылуы.
  • III. МЦР өткізгіштігінің артуы (су, тұз, плазма белоктары).
  • IV. Қан элементтерінің эмиграциясы (лейкоциттер, моноциттер) - лейкодиапедез
  • Плазма белоктары + қан элементтерінің шығуын – экссудация деп атайды
  • V. Фагоцитоз

Қан элементтерінің эмиграциясы (лейкодиапедез)

V) Фагоцитоз

Лейкоциттер,

макрофагтар микробты, бөгде заттарды қоршап алып, жұтып қойып, ыдыратады.

  • Аяқталған
  • Аяқталмаған (созылмалы қабыну)

Экссудат (сұйықтық) пен трансудаттың (сұйықтық) айырмашылығы

  • ЭКССУДАТ
  • Белок 2,0% көп
  • Түсі ылайлы
  • Қабыну кезінде
  • ТРАНСУДАТ
  • Белок жоқ
  • Түсі мөлдір
  • Қан айналымының бұзылысына байланысты (мыс: венозды іркіліс)

Экссудативті (сұйықтық) қабынудың құрамына байланысты түрлері

  • 1) ұйымалы; 2) катаральды; 3) фибринді; 4) іріңді; 5) шіритін; 6) геморрагиялық; 7) аралас болып бөлінеді.

1). Катаральды қабыну – кілегейлі қабықтардың бетінде дамиды (серозды, шырышты, іріңді). Ұзаққа созылған катар: шырышты қабаттың атрофиясы немесе гипертрофиясы дамиды

2). Фибринді қабыну (син: түкті жүрек, фибринді перикардит)

  • Фибриноген белогы
  • тромбопластин факторының әсерінен
  • фибринге айналады
  • Фибрин жіпшелерімен араласқан экссудат
  • серозды қабықтардың үстінде түк сияқты, шығып тұрады. Себептері - ревматизм, уремия, фибринді пневмония.

КРУПОЗДЫ (фибринді) мен ДИФТЕРИТТІК қабынудың айырмашылығы

  • Крупты:
  • бір қабатты цилиндрлі эпителийі бар жерде (мыс: трахея, бронхы)
  • Фибринді қабыршақ беткей, жұқа оңай алынады
  • Ақыры: асфиксия, абсцесс, склероз
  • Дифтериттік: көп қабатты жалпақ эпителийі бар жерде (мыс: бадамша безі)
  • Фибринді қабыршақ қалың, астындағы тінмен тығыз байланысқан
  • Ақыры: ойық-жара, склероз, спайка

3). Іріңді қабыну – нейтрофильді лейкоциттерден тұрады

Паронихий - тырнақ айналасындағы жырықтың іріңді қабыну

Панарициясаусақтың іріңді қабынуы

Фурункул (син: шиқан, сыздауық) - шаш фолликуласындағы іріңді қабыну

Қалыпты және апостема (іріңдік)

Шектелген іріңдік - абсцесс

Жедел мен Созылмалы абсцестің қабаттарының айырмашылығы

  • Жедел:
  • 2 - қабаттан тұрады;
  • ішкі – некроз және лейкоцит (пиогенді мембрана)
  • сыртқы – қабынған тін
  • Созылмалы:
  • 3 - қабаттан тұрады;

  • ішкі – некроз және лейкоцит (пиогенді мембрана)
  • ортаңғы – грануляциялық тін
  • сырты – дәнекер тін

Флегмона – жайылмалы іріңдік

Табиғи қуысты ағзалардағы іріңдік - эмпиема

  • Аппендицит іші
  • Өт қапшығы іші
  • Қуық іші
  • Плевра қуысы
  • Перикард қуысында

1. Жыланкөз (свищ, жедел)– түтікше тәрізді, тар тесікті, терең жара арқылы іріңнің сыртқа шығып тұратын жолы. 2. Фистула (созылмалы)

4). Шіріктік (син: гангрена, ихороз) қабыну

5). Геморрагиялық қабыну

6). Аралас қабыну

  • Әртүрлі экссудат араласқан түрі (экссудаттың бір түріне екінші бір түрі араласуы).
  • Мыс: серозды – іріңді, іріңді – фибринді, ірің – геморрагиялық және тб.

Науқас поликлиникаға, қолының 3-ші саусағы қатты ауру шағымымен барған.

  • Науқас поликлиникаға, қолының 3-ші саусағы қатты ауру шағымымен барған.
  • Дәрігер: макро – жара шектелген, дөңгелек пішінді, саусағының ісінуін, гиперемиясын байқаған.
  • Операцияға алған, кесіндісінде сарғыш түсті, консистенциясы қоюлау экссудат шыққан

Саусақта экссудативті қабынудың төмендегі қай түрі дамыған? Диагноз???

  • 1) ұйымалы; 2) катаральды; 3) фибринді; 4) іріңді; 5) шіритін; 6) геморрагиялық; 7) аралас болып бөлінеді.

Іріңнің ішінен микроскопиялық қандай жасуша көреміз?

  • Іріңнің ішінен микроскопиялық қандай жасуша көреміз?

Экссудаттың трансудаттан айырмашылығы?

Экссудаттың трансудаттан айырмашылығы?

а) белок 1,0% -тен кем

б) белок 2,0% -тен артық

в) белок 2,0% -тен кем

г) белок 0,5% -тен көп

д) белок мүлдем жоқ

Суретте нені көріп тұрсыздар, қалай деп атайсыздар?

Өкпе тінінен не көріп тұрсыңдар, сипатттаңыз? - диагноз

III. Продуктивті (өнімдік, пролиферация) қабыну.

  • Қабыну ошағында;
  • 1.ГЕМАТОГЕНДІК (лейкоциттер, моноциттер, лимфоциттер) +
  • 2.ГИСТИОГЕНДІК немесе мезенхима жасушалары (жергілікті макрофагтар, гистиоциттер, фибробластар)
  • көбеюінен тіндердің қалпына келуі немесе сол жердің тыртықтана бітуі (склероз).

Продуктивті (син: өнімдік) қабынудың түрлері

1) Аралық қабыну (син: интерстиция, строма) – жедел, созылмалы

  • 1.жедел:
  • лейкоциттер, моноциттер
  • 2. созылмалы: гистиоциттер, моноциттер, фибробластар, лимфоциттер, плазмоцит

2) Өнімдік қабыну нәтижесінен түзетін: полиптер және өткір ұшты кондиломалар.

  • Спецификалық қабынулар мен
  • Неспецификалық қабынулардың айырмашылығы қандай?

Қан тамырлар реакциясы дегенді қалай түсінесіз, төмендегі қайсысы жатады?

  • А. Спазм
  • В. Дистрофия
  • Г. Гиперемия
  • Д. Ісіктер
  • Ж. Тесілу
  • З. Пигменттер
  • Е. Стаз

РАХМЕТ КӨҢІЛ БӨЛГЕНДЕРІҢІЗГЕ!!!

  • КҮНІМІЗ СӘТТІ ӨТСІН!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет