Введение в html



бет2/2
Дата24.01.2022
өлшемі95,1 Kb.
#114000
1   2
Байланысты:
WEB

1.2 ПӘННІҢ ПРЕКРЕКВИЗИТТЕРІ: ақпараттық коммуникациялық технологиялар,

бағдарламалау тілдері.



1.3 ПӘННІҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ: интернетте бағдарламалау,

бағдарламалар мен жүйелерді жобалау.



3. ББ МОДУЛЬДІК ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ


Курс

Семестр

Дәріс

Практика/

семинар

Зертханалық


ОСӨЖ


СӨЖ


Бақылау формасы

3

6

15

20

10

25

80

тест


3. МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ




Модуль атауы

Сағат саны

Аптаға сәйкес орындалу мерзімі










Модуль атауы







Дәріс







1.1.Web технологиялар негіздері.

1

1-апта

1.2. Клиент-сервер архитектурасы.

1

2-апта

1.3. Internet желісін ұйымдастыру принциптері

1

3-апта

1.4Web-Сайттарды жобалау мәселелері

1

4-апта

1.5 HTML құжатының құрылымы. Мәтіндерді пішімдеу.

1

5-апта

1.6 Web беттегі графика.

1

6-апта

1.7 Тізімдер. Кестелер.

1

7-апта




1.8 Фреймдер. Формалар

1

8-апта

Практикалық (семинар) сабақтар







    1. Қолданушының Интернет қызметімен өзара әрекеттесу технологиясы мен практикасы. Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу және қолдану

1

1-апта

    1. Web-ресурсты жасауға техникалық тапсырма. HTML-беттерді жасау және жариялау.

2

2-апта

    1. Web-ресурсты безендірудің графикалық элементтері.

1

3-апта

    1. Web-ресурстарға қолжетімділікті ұйымдастыру

1

4-апта

    1. Ақпараттық Web-ресурстың архитектурасын жобалау

1

5-апта




    1. Web-редакторда ақпараттық ресурсты өңдеу

1

6-апта

    1. HTML-да статикалық Web-беттерді программалау.

2

7-апта

    1. Web-беттерді беттеуде кестелерді қолдану.

1




Зертханалық сабақтар







    1. Веб-беттерде суреттері мен сілтемелері бар сайтты әзірлеу

1

1-апта

    1. Белсенді аймақтармен белгіленген карта кескіні бар сайтты әзірлеу

1

2-апта

    1. Кестелері бар сайтты әзірлеу

2

3-апта

    1. Студенттердің білімін электронды тестілеу сайтын әзірлеу

2

4-апта

1 модуль бойынша барлығы







1 модуль бойынша бақылау формасы

24




2 модуль.

2.1 СSS сатылы кестелері стильдерінің негізгі қасиеттері

1

8- апта

2.2 Класстар

1

9- апта

2.3 Псевдокласстар

1

10- апта

2.4.Элементтерді орналастыру

1

11- апта

2.5.Javascript бағдарламалау тілінің синтаксисі.Мәліметтер типі.Өрнектер.

1

12- апта

2.6 Операторлар

1

13- апта

2.7. Функциялар.

1

14- апта

Практикалық (семинар) сабақтар







    1. Web беттердегі басқару элементтерін программалау. Формалар

1

8- апта

    1. Фреймді құрылымдарды қолданып, Web-беттерді программалау. Фреймдер

1

9- апта

    1. Web-беттерді стильдік безендіру. CSS

2

10- апта

Динамикалық Web-беттерді программалау. DHTML

2

11- апта

2.4.JavaScript-те клиенттік сценарийлерді жазу.

2

12- апта

2.5.Web-беттерде HTML, CSS және JavaScript –ті біріктіріп қолдану

1

13- апта

2.6.HTTP-серверді басқару

1

14- апта

Зертханалық сабақтар







2.1. Javascript негіздері

1

8- апта

2.2. Javascript. Функциялар

1

9- апта

2.3. Javascript. Оқиғалар

2

10- апта

2 модуль бойынша барлығы

21




2 модуль бойынша бақылау формасы



















4. ПӘНДІ ОҚЫТУ МАҚСАТЫ:

Веб-сайт пен клиенттік веб-қосымша жобалаудың теориялық негіздерін оқып үйреніп, практикалық дағдыларын меңгеру, сонымен қатар оларды серверге орналастыру, қолдау және қызмет көрсету.


5. ПӘН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫН НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР:

A)болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, оған тұрақты қызығушылық танытады.

B)Өз іс-әрекетін ұйымдастырып, кәсіби тапсырмаларды орындаудың стандартты әдістері мен тәсілдерін таңдайды, олардың тиімділігі мен сапасын бағалайды.

С)Веб-қызметтер нарығының негізгі секторларының сипаттамасы және іскери ақпаратты пайдалану мәселелерін талдай алады;

D) Web-қосымшалар мен ақпараттық ресурстарды құру технологияларын, клиент және сервер сценарийлерінің тілдері біледі;

E) веб-қосымшалар мен ақпараттық ресурстарды әзірлеу процесін ұйымдастырады, заманауи стандарттарға сәйкес құжаттаманы жүргізеді)

6. ПӘНДІ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

(бакалавриат деңгейі бойынша)




Блум таксономиясы деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау

Синтез

Бағалау

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: Интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және тарату бойынша мобильді сервистерді, желілік технологияларды жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.

Оқу процесінде кәсіби және қолданбалы міндеттерді шешу және аргументтерді тұжырымдау үшін, сондай-ақ оқылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгереді.




веб-бағдарламалау мәселелерімен танысу; қолданыстағы веб-tехнологиялармен танысу;

веб-сайттарды, порталдар мен веб қосымшаларды құру негіздерімен танысу

веб-беттерді және веб-қосымшаларды құруда қолданылатын серверлік бағдарламалық жасақтама туралы түсінікке ие болу;

веб-сайттар мен веб-қосымшаларды орналастыру және қолдау үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтама туралы түсінікке ие болу;




веб-сайттар мен клиенттің веб-қосымшаларын дамытады, HTML белгілеу тілін біледі, веб-сайттар мен клиенттік веб-қосымшалар жасау үшін JavaScript бағдарламалау тілдерін, заманауи және сапалы веб-сайттар мен клиенттік веб-қосымшалар құру мүмкіндігіне ие болады, Веб-қосымшаларды жариялау және оларға қызмет көрсетеді.


Клиент және сервер жағында орындалатын технологияларды бір-бірінен ажырата біледі. Веб-қызметтер нарығының негізгі секторларының сипаттамасы және іскери ақпаратты пайдалану мәселелерін талдай алады;

веб-қосымшалар мен ақпараттық ресурстарды әзірлеу процесін ұйымдастырады, заманауи стандарттарға сәйкес құжаттаманы жүргізеді




Бағдарламалық жасақтама өнімінің кодын жасауды енгізу

модуль деңгейіндегі дайын сипаттамаларға негізделеді.



Құрылымдық және объектіге бағытталған бағдарламалау технологиясының негізгі қағидаларын дұрыс қолдану;

Заманауи бағдарламалау тілдерінде бағдарламалық модульдің кодын жасаудың дұрыстығы мен дәлдігі;

бөлек модуль ретінде алгоритмге сәйкес бағдарламаны құру дәлдігі



ЕСКЕРТУ!

  • Блум таксомониясы деңгейлері білім алушының әр пән бойынша нақты іс-әрекеттерін сипаттауы керек;

  • деңгейлер сипаттамасында пәннің мазмұнын ашатын ұғымдар қатысуы тиіс;

  • кестеде деңгейлер сипаттамасы мысал ретінде ұсынылды.


7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

Оқу сабақтарында (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер (мысалы интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары және т.б.) және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар көрсетілуі тиіс, мысалы виртуалды зертханалар, ZOOM, YouTube және т.б. ).


8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:




ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

Тапсырма түрі

Тапсырманың берилу және

орындалу мерзімі

(апта күні мен уақыты)

Берілген мерзімі

Қабылдау мерзімі

1

Web технологиялардың даму тарихы

реферат

1

2 апта

2

ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер

реферат

2

3 апта

3

Клиент-сервер архитектурасы.

реферат

3

4 апта

4

Компьютерлік жүйелерді құру негіздері. Компьютерлік желілер классификациясы.

реферат

4

5 апта,

5

HTML тегтері

реферат

5

6 апта

6

CSS тілінің мүмкіндіктері

реферат

6

7 апта

7

Клиент және сервер жағында орындалатын технологиялар.

реферат

7

8апта

8

WEB-сервер жұмысының механизмі.

реферат

8

9 апта

9

Серверді қоршаған ортаның айнымалылары.

реферат

9

10 апта

10

CGI технологиясы, CGI бойынша сұраулар мен жауаптардың атаулары.

реферат

10

11 апта,

11

PERL, PHP, ASP, SSI-дің серверлік сценарийлері.

реферат

11

12 апта,

12

WEB-қосымшаларын жасаудың аспаптары.

реферат

12

13 апта,

13

WEB-технологиялардың негізінде компьютер желілеріндегі ақпаратты қорғау

реферат

13

14 апта,

14

HTML тілінің негіздері

сайт

14

15 апта

15

Javascript тілінің негіздері

сайт

15

15 апта


9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

9.1. Дәрістер.

1.1.Web технологиялар негіздері. Web технологияларға шолу. 1 сағ.

Негізгі сұрақтар:

1. INTERNET тарихы.

2. WWW – дүниежүзілік өрмек. Гипермәтін, гиперсілтеме, мультимедиа.

3. HTTР- гипермәтінді беру хаттамасы.

4. Ақпараттық ресурстар көрсеткіші (URL).

5. FTP-файлдарды тасымалдау хаттамасы.

World Wide Web (Web) — бұл ақпараттық ресурстар желісі. Бұл желінің маңызды тетіктері: Web-тен ресурстарды іздеу үшін атаудың бірыңғай схемасы. Мысалы, URL (Uniform Resource Locator) – ресурстарды белгілеу әдісі. Ол хаттама атауынан, қос нүктеден, екі қиғаш сызықтардан "/", машина атауынан және ресурсқа жолдардан тұрады. Мысалы, http://www.edu.cassiopeia.com.ua/. Web арқылы атаулы ресурстарға қол жеткізу үшін хаттамалар. Мысалы, HTTP – Hyper Text Transfer Protocol) - гипермәтін беру хаттамасы). Гипертекст ресурстар бойынша қарапайым жылжыту үшін ұсынылған (мысалы, HTML - Hyper Text Markup Language). Гипертекст-гиперсілтемелер (басқа құжаттарға сілтеме) бар құжат. Web-бағдарламалау - бұл web-қосымшаларды құру үшін қолданылатын бағдарламалаудағы жеке бағыт. Интернет технологиялардың жедел даму қарқынына байланысты осы салада үнемі жаңа бағыттар пайда болуда. Сондықтан Web-бағдарламалау қалыптасқан ғылым емес, Интернет желісінде пайдаланушының жұмысын ұйымдастыру үшін қолданылатын қолданыстағы бағдарламалық технологиялардың (клиенттік және серверлік) жиынтығы. Сервер-құжаттар мен қосымшалар бар компьютер. Клиент-серверде сақталатын құжаттар мен қосымшаларды қарау үшін пайдаланылатын жұмыс станциясы.
Бекіту сұрақтары:


  1. Web-технологиялар пәні нені зерттейді?

  2. Протокол деген не?

  3. HTTP, URL, www ұғымына түсіндірме беріңіз

Әдебиет:[1],[2],[3].
1.2 Клиент-сервер архитектурасы.

Сұрақтары: Www архитектурасы: клиент/серверлік интернет архитектурасы. Клиенттік Web-технологиялар; серверлік Web-технологиялар.

Көптеген World wide web қосымшалары web серверімен басқарылатын ішкі бағдарламаларды қолдануға негізделген. Берілген бағдарламаларды қолдану динамикалық жаңару мәліметтерімен web қосымшасын құруға мүмкіндік береді. Мәліметтер базасында сақталған немесе шешілетін тапсырмалардың бизнес ережелеріне бағынышты генерилданады. Web серверімен және шақырылатын бағдарламалар арасындағы байланыс үшін CGI кеңінен қолданылады, windows бағдарламасы үшін сондай-ақ Unix ортасындағы функционалданатын қосымшалардың нақтылығы бар. CGI, HTTP, Web сервер типтерінің ақпараттық серверімен ішкі қолданбалы бағдарламасының интерфейстің стандарты болып табылады. Әдетте, WWW серверінен гипермәтінді құжаттар статикалық мәліметтерден тұрады.

CGI-дің көмегімен CGI бағдарламаларын құруға болады, олар шлюз деп аталып қолданбалы жүйелер, мәліметтер базасын басқару жүйесі, электрондық кесте жұмыстық графика тағы да басқалардың қарым – қатынасы экранға қолданушының динамикалық ақпаратын шығара алады.

Шлюз бағдарламасы WWW серверінің нақты масштаб уақытында іске асырылады. WWW сервер қолданушының шлюз тапсырмасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде қолданбалы жүйелік ортаны қолдана отырып, қолданушының экранына өңделген сұраныс нәтижесін қайтарады. Бағдарлама-шлюз C/C++, Fortran, Perl, TCL, Unix Schell, Visual Basic, Apple Script. тілдерінде кодталған болуы мүмкін. Ол әдетте, директорияда cgi-bin www сервер атымен орындалатын модуль сияқты болып жазылады. Бүкіл интернет және www-дің кейбір бөліктері «клиент-сервер» технологиясы бойынша жұмыс істейді, яғни барлық бағдарламалық қамтамасыздандыру клиенттік және серверлік бөліктерге бөлінеді. Сондай – ақ олардың арасында функцияналдық міндеттер ажыратылған. Клиент жұмыстың принципін сервердің ішкі алгоритмдік іске асырылуын білмейді, білуі тиіс де емес, ал сервер клиенттің жұмыстарына араласпайды. Бұл бөліктердің ара қатынасы үшін арнайы хаттама шығарылған (бұл жағдайда HTTP хаттама), және де сервермен клиент арасындағы қарым – қатынасты осы хаттама ішінде іске асырылады. Браузерге бәрібір серверде қандай бағдарламалық қамтамасыздандыру тұрғаны, онда қандай операциялық жүйенің болуы, серверде сұраныс құжаттарі қай жерде жатқаны. Сервер сіздің браузеріңіздің жұмысына араласпайды, клиент берілген ақпаратпен не істейді, қалай көрсетеді, дискі де сақтайды ма, әлде сақтамайды ма серверге бәрібір. Әдетте, серверге сұраныстан деп түсіндіріледі
Әдебиет: [1], [2],[3].

Өткізу форматы: ("төңкерілген класс" әдісі, дәріс-презентация)
1.2. Internet желісін ұйымдастыру принциптері.

Сұрақтары. World Wide Web. Желілік хаттамалар. "Клиент-сервер" технологиясы.

World Wide Web (Бүкіл дүниежүзілік өрмек) интерактивті мультимедиялық гипермәтінді ортасы замануи түрде бірнеше факторлардың бар болуына орай туындады. Олардың бірі: платформалық –ақпаратты таратудың тәуелсіз әдісі. Компьютерлер (DOS, Windows тұқымдастары, Windows NT, Mac OS, UNIX тұқымдастары, Linux және басқа.) операциялық жүйелермен бірге әртүрлі (мәтіндік, дыбыстық, графикалық) «қолданушы орталарын» жүзеге асыратын бағдарламаларды жасайтын платформалар құратыны мәлім.

Желіде өзара іс-қимыл дұрыс болуы үшін нақты компьютерлік платформаларға байланысты емес құралдар қажет. Мұндай құралдар желілік хаттамалар мен біртұтас адрестік кеңістік болып табылады.

Ал келесі желідегі компьютерлердің өзара тиімді әрекеттестікті қамтамасыз ету маңызды сұрағы желіге қолжетімділік мәселесімен және, сәйкесінше, ақпаратқа қолжетімділікпен байланысты. Қазіргі уақытта желіге кіру мүмкіндігі компьютерлеркөмегінсіз де жүзге асады. Ұялы телефондар, қалта компьютерлері, Web TV осындай мүмкіндіктергеие, бірақ компьютерлерден экран өлшемімен және енгізу құрылғылармен өзгешеленеді. Сондай-ақ Интернетке кіру мүмкіндігі ақпарат беру тәсіліне (мәтіндік, графикалық және сөйлеу браузерлері) қарай ерекшеленеді. Бұл мәселелердің шешімі құжаттардың мазмұнын және құрылымын бөліну идеясының олардың ұсынуына байланысты. Әр түрлі құрылғыларда ұсыну әр түрлі болуы мүмкін, бірақ құрылымы мен мазмұны өзгеріссіз қалады. "Клиент-сервер" технологиясын жетілдіру көп функциялы графикалық браузерлердің пайда болуымен, клиенттік және серверлік кеңейтуді қамтамасыз ететін тиімді интерактивті өзара іс-қимылды, сондай-ақ, тілдерді жазу сценарийлерін және серверлік бағдарламалардыжетілдіруге байланысты екенін атап өтуге болады
Әдебиет: [1], [2],[3].

Өткізу форматы: ("төңкерілген класс" әдісі, дәріс-презентация)
1.4. Web-Сайттарды жобалау мәселелері.

Сұрақтары. Web-сайттарды жіктеу. Web-сайттар типтері. Web-сайттар категориялары

Web-сайттар құрылымы.

Сайт деп қандай да бір форматта (мысалы, HTML немесе XML) гипермәтіннің навигациялармен (сілтеме) бірыңғай логикалықкеңістікке біріктірілген беттер жиынтығын атауға болады. Бұл Web-беттер жиынтығының жалпы құрылымы иерархиялық болып келеді. Web-сайт жобалау мен дизайнды, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету компоненттерін құру мен ақпараттық сайт толтыруды байланыстырады.

Web-сайт – бұл навигация мен мазмұн тұтынуы, сондай-ақ нысандар мен бланкілерді және т. б. толтыру секілді міндеттердің орындалуы арасындағы тепе теңдік. Мысалы, пайдаланушылар бір Web-сайтқа кіруі мүмкін, болмаса іздеу жүйесі немесе порталға кіріп, бір Web-сайттан келесі сайтқа ауысып, көптеген сайттарды аралап, бағаларды салыстыра келе, өздерінің мақсатына қол жеткізеді. Web-дизайнерлер үнемі сайттарды ыңғайлы және қол жетімді етіп жасауға ұмтылады.

Web-сайттарды құру үшін тікелей бағдарламалаумен пайдалануға болады, сондай-ақ Web-қосымшаларын жасау тілдері: Delphi, Java, XML, CSS, JavaScript, HTML, Flash және басқа да. Ал Web-құжаттарды құру және редакциялау бағдарламалық құралдарын пайдалануға болады. Бұл бағдарламалар Macromedia Dreamweaver, HomeSite, Microsoft FrontPage, Adobe Photoshop және басқа. Мысалы, қарапайым сайтты құруды көзбен шолу конструкторына – WYSIWYG (What You SeeIs What You Get) –экранды редакторына сеніп тапсыруға болады.

Сайттарды көлемі, технология және көзбен шолу ресімдеуі, аудитория, оларды түрлендіру жиілігі, ең бастысы - сайттың мақсаты бойынша жіктеуге болады.

Ешқашан өзгермейтін сайттарды статикалық деп атауға болады; ал өзгерістерге ұшырайтынын – динамикалық деп атайды. Сайт пайдаланушыларына сайт контентін енгізуге немесе өзгертуге және өзге пайдаланушылармен әрекеттесу мүмкін болса, онда мұндай сайттар интерактивті деп аталады.

Әрбір жаңа келушімен сайт өзгеретін болса, онда мұндай сайт дербестендірілген деп аталады

Метафоралық сайттар –нақты әлемнен алынған, метафораға негізделген. Эксперименттік сайттар сайттың мазмұны мен шарлауын жаңа нұсқада ұсынады.

- Ақпараттық сайттар (өкіметтік, білімдік, жаңалықтар сайттары, коммерциялық емес ұйымдар, религиялық топтар және басқа). Бұл сайттарда нақты тақырыптар немесе белгілі бір ұйымдар бойынша мәлімет беріледі. («буклеттік қамтамасыз ету»).

- Операциялық сайттар. Мұндай типті сайттар қандай да бір операцияны немесе есепті шығару үшін қолданылады. (мысалы, электронды коммерция).

- Қоғамдастықтар сайттары. Бұл сайттарда жүзеге асыруға байланысты операциялар ақпараты немесе құралдары, бірақ келушілер арасындағы өзара іс-қимылға басымдылық беріледі

- Ойын-сауық сайттар. Бұл сайттар ойындар немесе операциялық, ақпараттық типтегі және қоғамдастықтар сайттар элементтері қолдана алатын танымдық өзара іс-қимыл үшін құрылады. Жаңашылдық – бұл көрерменді, оның көңілін тұтастай иеленіп, ұстап қалатын жалғыз нәрсе.

- Коммерциялық сайттар. Сайт қандай да бір ұйым бизнесін қолдау үшін құрылады. Сайттың мақсаты - негізгі ақпаратты тарату, қолдау, инвесторлармен байланыс, қоғаммен байланыс, электронды коммерция, қызметшілерді іздеу және т. б.

- Дербес сайттар (мысалы, үй-беттер). Мұндай сайт жеке адамның қалауы бойынша, адамдар тобының, шығармашылық идеясын немесе жеке тұлғаның өзін-өзі таныту нысаны бойынша жасалады.

- Қоғамдық сайттар. Мақсаты белгілі бір қоғамның мүшелері үшін кездесетін орын (кездесулер) жасау, онда олар өзара сөйлесуге, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі болады.

- Көркем сайттар. Бұл сайт қандай да бір автордың өзін өзі дамытуына, шығармашылығына арналған. Мұндай сайттыңмақсаты– оның келушілерін шабыттандыру, көңіл күйін көтеру.

- Навигациялық сайттар (порталдар). Сайттың міндеті –Интернет бойынша іздеуге көмек көрсету.

Web-сайттар барлық жерде келесі үш жалпы санатқа қабылданды:


  • Жалпы қолжетімді Web-сайттар (public);

  • экстражелілік (extranet);

  • ішкі желілік (intranet).

Жалпы қолжетімді (публичным, сыртқы) Web-сайт бұл кезкелген қолданушының еркін баруы үшін қолжетімді сайт

Экстражелілік сайт – бұл қолданушылардың белгілі бір класына қолжетімді сайт бірақ бұл қолжетімділік Интернет арқылы жүзеге асады.

ІшкіжелілікWeb-сайт – бұл белгілі бір ұйымдарға арналған және де көпшілік жағдайда жеке желі аумағында жұмыс жасайды. Үш сайттар арасындағы негізгі айырмашылық аудиторияда, оларды түрлендіру жиілігінде, технологияда және сыртқы түрінде болып табылады.

Сайттар құрылымы түрліше болады – жай қарапайым ұйымнан күрделі аралас иерархияға дейін.

Сайттар құрылымын жасағанда әрқашанда когнитологияның (ой туралы ғылым) ашылуын ескеру керек және сайт тереңдігі мен сілтемелер диапозонының кеңдігі арасындағы теңгерімге қол жеткізуге тырысу керек.

Сайт үшін дұрыс құрылымды таңдау ақпараттық архитектура деп жиі аталатын беттер жиынтығы түрінде ақпаратты ұсынуға әкеліп тірейді.

Әрбір Web-сайттың екі құрылымдық жағы бар: логикалық және физикалық құрылым. Логикалық құрылым басқа құжаттармен байланысқан құжаттарды сипаттайды. Логикалық құрылым олардың арасындағы байланысты анықтайды. Физикалық құрылым құжаттың шын мәнінде қай жерде жатқанын сипаттайды, мысалы, Web-сервердегі құжат каталогына жол немесе оның деректер қорындағы орналасуы.

Web-сайттардың көпшілігі аралас -иерархиялық көзқарасты қолданады немесе Web-сайт мақсатына қарай құрылымдардың бірнеше типтері араластырыла алады
Әдебиет: [1], [2],[3].

Өткізу форматы: ("төңкерілген класс" әдісі, дәріс-презентация

1.5 HTML құжатының құрылымы. Мәтінді пішімдеу. 1 сағ.

Сұрақтары:HTML-ге кіріспе: негізгі ұғымдар мен анықтамалар; программалау құралдары мен технологиялары. HTML құжат құрылымы: құжат құрылымы; тегтердің құрылымы мен параметрлері.

HTML (HyperText Markup Language) – гипермәтіндік құжаттарды жасау тілі. HTML бағдарламалау тілі болып табылмайды, өйткені тек деректерді ұсынуға арналған (Тіл командалары клиентке қандай түрде құжаттың сол немесе басқа бөлігі көрсетілуі тиіс екенін көрсетеді). HTML тілінде арнайы операторлар - тэгтер (ағылш.tag - ярлык) қолданылады.Кез келген тег 3 элементтен тұрады: жақшамен белгіленген тег басы (тегті ашатын)<>, тег денесі (мысалы, мәтіндік ақпарат) және жақшамен белгіленген тег соңы (тегті жабатын)).

HTML өзінің туған уақытынан бастап (1989 ж.) үнемі дамыды, стандарттардың өзгерістері мен толықтыруларына тұрақты ұшырап отырды. Бұл курста HTML 4.0 соңғы нұсқасы қарастырылады.

HTML 4.0 ерекшелігіне сәйкес HTML құжат құрылымы келесідей:







Заголовок документа



Тело документа



Бұл қарапайым HTML құжат.




Тағы HTML құжаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет