ББ парадигмалары
Дәстүрлі-консервативтік.
Феноменологиялық
Рационалистикалық
- Парадигмалар біріншіден білім берудің мақсаттарына байланысты, екіншіден, мектептің функциясын түсінуге, мақсатқа жету әдістеріне, педагогикалық өзара әрекет сипатына, білім берудегі оқушының орнына байланысты ажыратылады. Бұл парадигмалардың әрқайсысы білім берудің алдына сұрақтар қояды:
- Әлеуметтік институт ретіндегі мектеп функциялары туралы;
- Білім жүйесінің тиімділігі туралы;
- Мектеп басымдылықтары туралы;
- Білім берудің мақсатының қоғамдық маңыздылығы неден құралатындығы туралы;
- Білімнің, дағдының, тәжірибенің қайсысы немесе қандай түрі құнды және қазіргі заманның білім беру жүйесі қандай болу керектігі туралы:
Е.А.Ямбург
Е.А.Ямбургтың жіктеуі бойынша:
- когинтивті-ақпараттық – бұл парадигма адамзатпен жинақталған барлық білімді, дағдыны, тәжірибені максималды көлемде балаға берудің қажеттілігі туралы тұрақты көзқарастан туындайды;
- тұлғалық - бұл назар баланың интеллектуалды дамуынан эмоционалды және әлеуметтік дамуына аударылады;
- мәдениеттілік – тез өзгермелі әлемде тірі қалуға көмектесетін оңтайлы білім мен дағдының балаға керек екендігін қолдай отырып, мұғалімді негізгі міндеті-балалық тұлғасын қалыптастыруға қарай бағытталады.
- компоненттілік – бұл парадигма когнитивті-ақпараттықтан туындайды, бірақ одан айырмашылығы – ол практикалық бейімделуді күшейтеді, мобильді, дағдылы етуді, оның тек фактілер жинағының иесі ғана емес, сол фактіні алудың әдістері мен технологиясының иесі ретінде де қалыптасуына дайындауға ұмтылады.
Білім беру парадигмаларының түрлері және олардың сипаттамалары - Эзотерикалық және дәстүрлі-консервативтік парадигмалар
- Технократтық және бихевиористік парадигмалар
- Гуманитарлық парадигмалар
Эзотерикалық және дәстүрлі-консервативтік парадигмалар - Эзотерикалық педагогика – біздің планетамыздағы ең көне білім беру парадигмасы, грек тілінен аударғанда «эзотерикалық» деген сөз құпия, жасырын тек арнайы адамдарға арналған (діни, сиқырлы, мистикалық) ұғымдарын білдіреді. Оның мәні – мәңгілік және өзгеріссіз ретінде болатын ақиқатқа қатынас. Педагогикалық іс-әрекеттің жоғыры мағынасы оқушының ғарышпен байланысына қажетті табиғи күшті босату және дамыту, сонымен қатар оқушының өте терең біліміне керекті табиғи күшті дамыту.
- Бұл парадигма бойынша, оқу-ақиқатқа апаратын жол, оны оқу мүмкін емес, оған тек қосылуға болады. Осыдан педагогикалық процесс – ғылыми-технократтық парадигмадағыдай хабар емес, гуманитарлық парадигмадағы сияқты қарым-қатынас емес , бірақ ақиқатқа жақындау, оның нәтижесінде «сезіну-күш» түсінігі туындайды. Бұл парадигмада адамның өзі әлеммен ақпараттық өзара әрекеттің негізгі органы болып шығады. Мұндай логика оқушымен жұмыстың ғылыми көзқарас динамикасын немесе бөлек білімді қарастырмайды. Мұнда тәжірибе, жағдай, уайымдау динамикасы басымдылық көрсетеді. Оқушыны табу мен іздеу, дайындау циклі адамның ішкі табиғатын қайта құрудың ұзақ мерзімді жұмысы. Эзотерикалық дайындауда шыңдау, айтқанды орындау сайысы міндетті болып келеді, бұл кезеңде оқушы үндемей, сұрақ қоймай, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға міндетті.
- Бұл парадигмада бағалау аспектісі «жойылады», себебі бағалау обьектісі болмайды – тұлға. Ол – біртұтастың бір бөлігі ретінде ғана шығады.
- Экзоретикалық парадигма өркениеттерге белгілі болған: Египет, Вавилон, Индия, Америкаға. Пифагор, Тибет ламасы, проваславтық әулие мектептері осы парадигмаға негізделсе, рухани дәстүрді алып жүрушілер экзотерикалық механиканы игере білген деп көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |