Гуманистік (феноменологиялық) парадигмада басты назар оқушының дамуына, оның интеллектуалдық қажеттілігіне, тұлға аралық қатынаста аударылады. Бұл білім беру моделінің негізінде субъектілік-объектілік қатынас емес, оқушының дамуы, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі қалыптастыруы, шығармашылығы және субъективтілік жатыр.
Бұл парадигманың негізгі қағидаларының бірі – бала мен ересектің құндылықты-мәндік теңдігі, бұл жерде білім мен тәжірибенің бір деңгейде болуы емес, әрбір адамның әлемді шексіз тану құқығында. Осыдан Е.А.Коменскийдің «бүкіл адамды барлығына оқыту» идеясы шығады.
Гуманистік парадигма шеңберіндегі әрбір білім беру жүйесі шығармашылық ізденіс жүргізіп, білім беру мен тәрбиелеудің өзіндік мазмұнын, әдістерін табады. Бұл бағыт оқушының да, педагогтың да еркіндігі мен шығармашылығын қалыптастырады.
Бұл парадигма Ресейдің білім беру кеңістігіне 1991 жылдан кейін министрліктің бұйрығымен емес, оқытушылардың ықыласынан білім беруге енген. Ол қазіргі заманда актуальді болып саналады, себебі адамды жоғары деңгейге көтеретіндер «бұл – мәдениет, білім мен табиғат феномені» деп қарастырады.
Қорытынды
Қорыта келгенде, қай уақытта болмасын қолданылатын білім беру парадигмаларының бірде-біреуін жақсы немесе жаман деп айту мүмкін емес. Олардың әрқайсысы әлемді және педагогикалық объектілердің қабылдауына, оның мәнінің түсіндірілуіне, оқу-тәрбиелік процестің құрылуына жауап береді және негіз болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, білім берудің парадигмалары білім берудің мақсаттарына, мектеп функциясына, мақсатқа жету әдістеріне, педагогикалық өзара әрекет сипатына, білім берудегі оқушының орнына байланысты ажыратылатынын білдік. Олардың негізгі сипаттамаларына қысқаша тоқталып кетсек, эзотерикалық парадигманың негізгі мәні ақиқатқа барынша жақындау болса, дәстүрлі-консервативтік парадигманың мақсаты – ұрпаққа мәдени мұраны, құндылықтарды беру мен оны сақтау болып табылады. Технократтықтың ұстанымы білімнің күштілігін үгіттесе, бихевиористік парадигма тәртіпке, адамның сыртқы орта әсеріне деген жауабына негізделеді. Ал гуманистік парадигма тұлғаның дамуына, өзін-өзі қалыптастыруы мен дамытуына баса назар аударады деп қорытынды жасауға болады.
Назарларыңызға рахмет!
Улбосын Жүсіпқызы Туякова фил.д. (PhD), аға оқытушы m.phone: +7016144585