Взаимодействие лекарственных средств



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#92415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
205062 (копия)
1178

Сіңуі

  • Левотироксинді ішке аш қарынға қабылдаған жағдайда, препарат негізінен аш ішектің жоғарғы бөлігінде сіңеді, сіңу дәрежесі негізінен дәрілік түріне байланысты және 80%-ға дейінді құрауы мүмкін. Левотироксинді ас қабылдаумен бірге қабылдағанда сіңуі айтарлықтай төмендейді.
  • Плазмадағы ең жоғары концентрациясына шамамен, қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң жетеді.
  • Ішке бірінші рет қабылдағаннан кейін, әсері әдетте 3-5 күннен кейін басталады.
  • Таралуы

    Таралу көлемі шамамен 10-12 л құрайды. Шамамен 99,97%-ға левотироксин спецификалық тасымалдайтын ақуыздармен байланысқан. Ақуыздардың гормонмен байланысы ковалентті емес, осыған байланысты бос және байланысқан гормондар арасында тұрақты және өте тез алмасу орын алады.

    Шығарылуы

  • Левотироксиннің метаболизмдік клиренсі шамамен тәулігіне 1,2 л плазма құрайды. Ыдырауы негізінен бауырда, бүйректе, мида және бұлшықеттерде жүреді. Метаболиттері несеп және нәжіспен шығарылады.
  • Левотироксиннің жартылай шығарылу уақыты шамамен 7 тәулікті құрайды; гипотиреозда ол ұзаруы (шамамен, 9 - 10 тәулікке дейін), гипертиреозда - қысқаруы (3 - 4 тәулікке дейін) мүмкін.


  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет