Windows ж‰йесіндегі Excel программасы



бет14/16
Дата13.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#100006
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Excel программасы
11 Жоғары мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы

Жылжыту

  • Мәліметтерді бір орыннан екінші орынға жылжыту барысында НЕНІ және ҚАЙДА орналастыратынымызды айқындап алғанымыз жөн. Жылжыту кезінде орнынан кешірілетін мәліметтерді, яғни ұяны не блокты (НЕНІ тасымалдау керек) белгілеп аламыз да оған тышқан курсорын алып барамыз, сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонан соң белгіленген блокты не ұяны тышқанмен іліп алып, басқа орынға (ҚАЙДА тасымалданады) алып барамыз.
  • Көшірме алу
  • Көшірме алу кезінде түп нұсқа түріндегі мәлімет өз орнында қалады, ал басқа орында (ҚАЙДА) оның көшірмесі қосымша пайда болады. Көшірме алу операциясы жылжыту тәрізді орындалады, тек бұл жолы Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұру қажет.
  • Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды тордың оң жақ төменгі шетіне алып барсақ, ол "плюс" таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды. Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру жылжыту сияқты орындалады, бірақ бұл сәтте қурсор ұяның немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде). Толтыру кезінде бастапқы ұядағы немесе блоктағы мәлімет (НЕ) тышқанның батырмасын басып тұрып оны жылжыту арқылы бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет