128. Тілдің қысқаша анықтамасы.
Бірінші кезекте есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтайтын программалау тілдері қолданылады.
Бірінші буын – 50-ші жылдардың аяғына дейін программалау командаларының ұзақ тізбегі екілік,
сегіздік жəне он алтылық сандармен мұқият бөліктеп кодталған. Бұл қызмет түрі кодтау деп аталған,
программалауға бұдан гөрі күрделірек мəселе қойылған – ол алгоритмдерді құрылымдау.
Екінші буын – Ассемблер тілдері, онымен машина тілдеріне қарағанда жұмыс істеу жеңілірек
болған. Оларда командалар үшін нақты мнемоника қолданылады.Мыңдаған есе жылдам есте сақтауқұрылғылары бар есептеу машиналарының пайда болуыменкодтау күрделілігінің өсуі соншалықты, бұл жұмысты адамның орындауының əсері едəуір төмендеді.\Əрбір нақты машинаның аппараттық құрылымын есепке алу, яғни бір машинадан екінші машинаға ауыстыру кезінде программалауды қайта кодтау қажеттілігі туындады – программалауды бір машинадан басқаға ауыстырғанда алгоритмдердің жиі өзгеріп кетуі байқалды.Тəжірибе жүзінде басқа программаның құрылу қағидаларын түсіну мүмкіншілігі көрінбеді.Машина кодында жазылған программаларда кодтаудың формальды қателіктерін табуға мүмкіндік
беретін артық мəлімет аз болған. Нəтижеде программаны жүктеу кезінде техникалық ақаулар түсініксіз
жағдайларға əкеп соғуы мүмкін болған, ал ол қателіктерді табу өте қиын еді.Бұл қиыншылықтар «жоғары деңгейлі» программалау тілдерінің құрылуына алып келді.Үшінші буын – тілдердің ең «көлемді» буыны. Оның басы 1955 жылы ФОРТРАН(формулаларды аударушы) тілінің пайда болуымен сипатталады. Бұл тілдің қолданылуы бүгінгі күнге дейін жалғасуда.1960 жылы АЛГОЛ (алгоритмдік тіл) тілі пайда болды.
1965 жылы осы кезге дейін ең танымал программалау тілдердің бірі – БЭЙСИК (бастаушылар үшін символдық инструкциялардың көпмақсатты коды).1970 жылы Никлаус Вирт Pascal (Паскаль) тілін құрды. Бұл программалау тілі аса дамыған құралдарға ие, олар қазіргі кезде де өз мəнін сақтауда.1980 жылы программалаудың ең күшті тілдерінің бірі – ADA (Ада) тілі пайда болды. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінің есептеуіш орталықтарындағы негізгі тіл ретінде қабылданған.Осы кезде тағы бір күшті программалау тілі – С (Си) тілі қоладныста жүреді.Тілдердің төртінші буыны – бұл программалық жабдықтаманы басқару тілдері, немесе оларды басқаша «программалар генераторы» деп атайды. Мысал ретінде Clipper, dBase, SuperCalc деген сияқты тілдерді келтіруге болады.Аталған тілдердің барлығы продецуралық тілдерге жатады, олар декларативті деп аталатын «Бесінші буын» тілдеріне қарама-қарсы. Бұл буынның негізгі программалау тілдері – LISP тізімдерді өңдеу тілі жəне PROLOG–логика терминдеріндегі программалау тілі.Программалау тілдерінің барлығын үш категорияға бөлуге болады: ТӨМЕН деңгей
тілдері – машиналық тілдер жəне Ассемблер тілі; ЖОҒАРЫ деңгей тілдері – барлық процедуралық тілдер, жəне АСА ЖОҒАРЫ деңгей – бесінші буын тілдері.Программалау –машинадан жауап ала білу өнері дейді, егер біз есеп шығаруда компьютерді қолдануды шешсек, негізгі үш сатыдан өту қажет:Бірінші саты ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗ деп аталады. Екінші саты – ПРОГРАММАНЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ.Үшінші саты – «ПРОГРАММАЛАУ» сатысы. Алгоритмдерді жазу əдістері Алгоритмдерді жазудың бірнеше əдістері бар, олар бір-бірінен көрнектілігімен, компактілігімен,формализация дəрежесімен жəне т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Кең тараған əдістер: графикалық, сөздік, алгоритмдік тілдегі жəне ЭЕМ үшін программалар.
• Графикалық – блок-сызбалар түрінде.
• Сөздік – табиғи тілде жазу.
• Алгоритмдік тілде – арнайы тілде.
Алгоритмдік тіл – алгоритмдерді бірыңғай жəне дəл жазып жəне оларды орындау үшін
арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
• ЭЕМ үшін программалар түрінде – программалаудың кез-келген алгоритмдік тілінде (Бэйсик,
Паскаль, Си++ жəне т.б.), орындаушы компьютер болып табылады.
Блок-сызба – алгоритмдерді жазудың ең кең тараған жəне түсінікті əдісі. Блок - сызба – тасымал
сызықтарымен байланысқан болктар тізбегі.
Достарыңызбен бөлісу: |