2. Флагинемесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді. Фаг-программалар – зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары.
3. Ревизор (тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt) – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.