18. Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы Казақстан. ЖЭС-ке көшудің себептері мен мәнін атаңыз. 1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық – түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.
3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).