1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру қалай жүзеге асқандығы туралы баяндаңыз. Күштеп ұжымдастыруға қарсы 1929-1931 жж. көтерілістерді сипаттаңыз



бет19/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

22. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру қалай жүзеге асқандығы туралы баяндаңыз. Күштеп ұжымдастыруға қарсы 1929-1931 жж. көтерілістерді сипаттаңыз.
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы 30 жылдардың басынан басталады. Берілген кезеңнен бастап бүгінгі күнге дейін мәселенің тарихнамасы күрделі және қайшылықты жолдардан өтті, жалпы алғанда сатылап дамыды. Бүгінгі таңда шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын арнайы зерттеген ғылыми еңбектер өте аз десек те болады. Берілген тақырыпқа қатысты бірқатар зерттеулер мен басылымдарда тек сәйкесінше бөлімдер ғана бар. Ал Орталық Қазақстан өңіріндегі шаруалардың қарулы қарсылықтарының тарихы көп еңбектерде жалпылама қарастырылып өтеді. Т.Омарбековтың монографиясында ХХ ғасырдың 20–90 жылдарында Қазақстандағы 1920–1930 жылдары орын алған әлеуметтік—экономикалық үрдістердің негізігі мәселелері бойынша: «кіші Қазан» саясаты, байлардың мүліктерін кәмпескелеу, көшпелі халықты отырықшыландыру және ұжымдастыру, 1931–1933 жылдардағы аштық туралы жарық көрген әдебиеттердің бірқатар кешеніне кеңінен тарихнамалық шолу жасалынған [1, 23–41 б.]. Берілген шолуда тарихнаманың даму кезеңдері мен сипатына қатысты ойталқылар, көзқарастар беріліп, басқа зерттеулерге сыни талдау жасап, зерттелуші тақырып бойынша кейбір сәттерді ғана қамтиды. Сонымен қатар 30 жылдардағы Орталық Қазақстан өңіріндегі Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістері туралы мұрағат деректерімен толықтырылған біршама толыққанды деректер берілген. Шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихына арналған қазақстандық тарихшылардың жаңадан шыққан басылымдарына қысқаша сипаттама Т.Алланиязов пен А.Таукеновтың біріккен басылымында берілді [2, 6–8 б.]. Бұнда ұжымдастыру кезеңіндегі Қарағанды облысының Шет ауданындағы және Қарсақпай өңіріндегі шаруалар көтерілістерінің тарихы туралы арнайы зерттеулері берілген. 2002 жылы жарық көрген Т.Алланиязовтың еңбегінде Қазақстандағы 1929–1932 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихы бойынша әдебиеттердің методологиялық және деректанулық негіздерімен қатар шаруалар көтерілістері тарихын зерттеу үрдісіне кеңейтілген сипаттама берілген [3]. Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980—жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесінің түрлі аспектілерін қарастырғанда отандық тарихшылар осы қауіпті тақырыпты айналып өтуге тырысты. Бұл отандық тарихнамаға сол кезеңде қойылған партиялық қатаң талаптар мен идеологиялық қысымнан болды. Кеңестік дәуірде жарық көрген еңбектерде партия саясатына қарсы шаруалар көтерілістері тек тап күресі шеңберінде ғана қарастырылды. Сонымен қатар олар «бандиттік», «антикеңестік», «контрреволюциялық» қозғалыстар ретінде қарастырылды. Тек 90 жылдардың басында ғана Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын обьективті зерттеу мүмкіндігі туды. Академик М.Қ.Қозыбаев Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі, қазақ шаруаларының қарулы көтерілістерінің тарихын тарихшылар экономист, заңгер, тіл білімі мен әлеуметтанушы мамандармен бірлесе отырып кешенді түрде зерттеу қажеттігін баса атап өткен болатын [4, 74 б.]. 1980 жылдардың соңындағы қоғамдық өмірді либералдандыру жағдайында қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылық арта түсті. Қазақстандағы ұжымдастыру мәселелері бойынша концептуалдық жағынан алғанда барынша жаңа болып Ж.Абылхожин, М.Қозыбаев пен М.Тәтімовтардың мақаласы табылды [5]. Ол Қазақстандағы ұжымдастыру тарихының тарихнамасында қазіргі заманғы кезеңінің бастамасын салып берді, себебі мәселенің негізгі құрамдас бөліктері сол кезеңде қазақстандық тарих ғылымында қалыптасып жатқан жаңа парадигмалардың тұрғысынан алғанда байланыстырылып қарастырылды. Бұнда республикадағы ұжымдастыру кезеңінде іс жүзінде болған барлық жағдайлар барынша толық көрінісінде құрастырылып берілді. Сонымен қатар авторлар шаруалардың қарулы көтерілістері туралы мәселені де назардан тыс қалдырмаған. Бірқатар округтер мен аудандарда орын алған ірі қақтығыстар мен жанжалдардың бірнешеуін көрсетіп бере отырып, зерттеушілер сол жылдардағы партиялық құжаттарда бұл оқиғаларды тек тап күресінің ашық көрінісімен және ішкі және сыртқы жауларды іздеумен түсіндіруге талпыныс жасағандығы байқалады деп дәл көрсетеді. Бұл мақаланың барынша кеңейтілген түрі 1991 жылы жарық көрді [6]. Бұл басылымды сипаттасақ, мұнда ең алдымен ұжымдастырудың қарқынына саяси—идеологиялық реттеулердің ықпал ету механизмі дәл көрсетілген, бұның нәтижесінде 1931 жылдың күзінде Қазақстанда барлық шаруашылықтың 65% ұжымдастырылды. Сонымен бірге күш көрсету жағдайында төтенше режимде жүрген ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау науқанының тәжірибесі мен идеологиясы да барынша суреттелген. Мақалада 1928–1929 және 1929–1930 жылдарда үш округ бойынша (Ақмола, Петропавл және Семей) осындай дайындау науқандарымен қатар жүрген қуғын—сүргін саясатының көлемін сипаттайтын статистикалық материал берілген. Бай—кулактарды жою саясатының сипаты, мазмұны мен салдарын анық көрсетіп берген. 1980 жылдарда жарық көрген отандық тарихшылардың мақалалары ұжымдастыру жылдары орын алған демографиялық апаттық жағдайлар көрініс табуымен, қуғын—сүргін мен босқынға ұшырау, 1932–1933 жылдардағы аштықтың нәтижесінде Қазақстандағы адами шығындар туралы мәліметтердің көрсетілуімен құнды. Берілген мақалалардан шығатын қорытынды, авторлардың көрсетуінше, сол кезеңде орын алған қайғылы оқиғалардың себебі «кездейсоқтықтан» (қателіктер мен бұрмалаушылықтар) емес, болып жатқанның бәрі «заңды құбылыс», тіпті «фатальді» деп көрсетеді, жалпы алғанда әкімшілік—жұмылдырушылық және бұйрықтық—күштеу әдістері табиғаты жағынан апатты болып табылады. Сол себепті жіберілген қателіктер мен бұрмалаулар шын мәнінде қоғамды ұйымдастырудың сталиндік моделінің шынайы қисынын көрсетіп береді [6, 215 б.]. Шаруалардың қарулы көтерілістері тарихын зерттеу жағдайы тек 1991 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының күштеп ұжымдастыру жағдайларын зерттеу үшін Комиссия құрғаннан кейін өзгере бастады [7, 20 б.]. «Қазақстан Кеңестері» газеті редакциясының 1992 жылы мамырдың соңында өткізген дөңгелек үстелдің кезінде бұрын құпия ұсталған мұрағат құжаттарын зерттеудің алдын ала қорытындыларын жасау барысында, алғаш рет баскөтерулердің саны, оларға қатысқандардың саны туралы мәліметтер беріліп, шаруалардың қарсылығын туғызған себептер атап өтілді. М.Қ. Қозыбаев «әсіресе қызықты мәлімет ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалардың 372 баскөтерулері бойынша анықталды» деп атап көрсетті ]. «Шаруалардың тарапынан қарсылық көрсетілді ме?» деген сұраққа жауап ретінде Қ.С. Алдажұманов баскөтерулердің себебі болып «ауылдар мен деревняларда жүргізілген саясатқа ашық қарсылық», «күштеп қысым көрсету мен қатаң үкім» болғандығын көрсетті. Баскөтерулерге итермелеген тікелей жағдайдың бірі ретінде Қ.С.Алдажұманов «ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау саясаты, сонымен қатар КСРО ХКК мен ОАК 1930 жылғы 1 ақпандағы тап ретінде кулактар мен байларды жою туралы қаулыларының негізінде тап күресін жасанды түрде шиеленістіру» екендігін атап өтті. Жағдайды сипаттай келе, ол наразылардың бір бөлігі қарсылық көрсету жолына түскендігін, бұл «бандитизм» ретінде жіктелгенін атап өтті және республика шын мәнінде азамат соғысы жағдайында болғандығын көрсетті. 1929 жылдың күзінен 1932 жылға дейін Қазақстанда «шамамен 380 көтерілістер, шаруалар толқыны» болып өткен. Комиссиямен алынған алдын ала мәліметтер «30 жылдардағы көтерілістер 80 мыңдай тұрғындарды қамтығанын», «ірі көтерілістерге қатысқаны үшін ғана ОГПУ үштігінің шешімімен ОГПУ 5551 адамның сотталғанын, оның 883 атылғанын» көрсетті [7, 21 б.]. Бұл Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері туралы тарихи білімдердегі қарқынды жетістіктің бастамасы болды. Қазақстандағы ұжымдастырудың сипаты, мазмұны және зардаптары туралы ғылыми білім 1992 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының Қорытындысының жарық көруімен біршама кеңейді. Мұнда шаруалар қарулы көтерілістерінің масштабы мен географиясы, адами шығындар, шаруаларға қарсы қуғындаулар, малды етке өткізудің сипаты мен салдары, бай шаруашылықтарды тәркілеудің мазмұны мен нәтижелері сияқты сұрақтар кеңейтілген және тереңнен зерттеуге мүмкіндік берген жаңа фактілік және статиститкалық материалдармен біршама толықтырылды.


23. Қазақстандағы 1931-1932 жж. аштықтың себептерін, экономикалық және демографиялық зардаптарын түсіндіріңіз. «Бесеудің» хатына және Т.Рысқұловтың Сталинге жазған хатына шолу жасаңыз
1980ж аяғы-1990ж басындағы тарихи-демографиялық мазмұндағы еңбектерде Қазақстан халқының нәубет жылдарындағы шығыны, оның себеп-салдары туралы мәселелер көтерілді. Бұлардың қатарына М.Қ.Қозыбаев, М.Х.Асылбеков, Ж.Б.Абылхожин, М.Б. Тәтімов, М.Н.Сдыков, В.В.Козина, А.Н.Алексеенконың еңбектерін жатқызуға болады.
1931-1933 жж ашаршылық, күштеп ұжымдастыру және оның демографиялық дамуға тигізген кері салдары М.Б.Тәтімов, Ж.Б.Абылхожин, М.Қ.Қозыбаевтардың бірігіп жазған мақаласында көтеріледі. Сол сияқты 1930-жылдардың басындағы нәубет барысында азайған халық саны туралы мәліметті алғашқылардың бірі болып М.Тәтімов өз еңбектерінің бірінде көрсетеді. Автор 1926 және 1939 жж санақ мәліметтерін салыстыра отырып, байырғы халықтың шығыны 2 млн. 635 мың адам деп көрсетеді. А.Н.Алексеенконың еңбектерінде ХХ ғасырдың 20-90 жж. республикадағы халықтың сандық өсімі мен ұлттық құрамы, қала мен ауыл халқының орналасуы, табиғи өсім және т.б. мәселелер жан-жақты көтеріледі. Ал М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның еңбектерінде 1980ж аяғы мен 1990ж басындағы республика халқы санының өзгерісі, ұлттық, жыныстық-жастық құрамы туралы мәселелер талданады.
1931–1933 жылдардағы аштық. Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Аштық жылдарындағы халық шығыны:1930 ж аштықтан 313 мың адам,1931 ж аштықтан 755 мың адам,1932 ж аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40%-ын жоғалтты(1 млн750 мың адам).1 млн астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ.1931–1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 млн өлді. 1929 ж Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 ж 4,5 млн ғана қалды.1932 жылғы аштық, оның себептері туралы мемлекет қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышев, М.Ғатауллин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев Ф.И.Голощекинге хат жазды. Бұл хат «Бесеудің хаты» деп аталды. 1933 ж мемлекет қайраткері,сол кезде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Т.Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары, елді жайлаған аштықтың себептері, халықтың тартып отырған қасіреті жайлы И.В.Сталинге ашық хат жазды.1930 – 1933 жж аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.


24. ХХ ғ. 20-30-жж. Қазақстандағы саяси процестер туралы баяндаңыз және олардың салдарына баға береңіз: сталиндік саяси қуғын-сүргін, Қазақстанға халықтарды күштеп көшіру, олардың қасіретті тағдыры.
Ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан.ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 19жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мәліметіне қарағанда 1929ж 54, 1930ж 77, 1931ж болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістірге 1921ж 3 топ, 351адам, 1930ж 85 топ, 1925 адам, 1931ж 80 топ,3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық әрекеттері, колхоз және совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.1929 – 1931 жж Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі — халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 ж ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті. Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды. Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды. Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.Жазалау шараларының салдары:
1) 1929 – 1931 жж 5551 адам жауапқа тартылып, 883- і атылды.
2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин, І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.
1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.
2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.
3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.
4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді.
5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.
7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.
8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Респ. егістіктерінде техника көбейді. 1-бесжылдықта – 9 мың трактор, 2-бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) –200-ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді. Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет