1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Зерттеу әдістерін талдау принциптері



бет7/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

15. Зерттеу әдістерін талдау принциптері
- бірнеше зерттеу әдістерін пайдалану арқылы ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде кең көлемді материал алынады. Педагогикалық құбылыстар мен процестер өте күрделі болғандықтан зерттеу нәтижесі түрлі факторлар мен шарттардың әртүрлі болуына ықпал ететіндей болуы керек.
- Зерттеу әдістерін талдауда зерттеуші мен зерттелушінің мүмкіндігін және құбылыстың мәніне қарай таңдау қажет. Мысалы,бастауыш мектеп балаларына жазбаша сұрай түрлері анық, түсінікті болып, 2-3 топта бастап қолдану керек.
- Зерттеу әдістері адамгершілік нормаларға қайшы келсе, зерттеуге қатысушыларға және оқыту-тәрбиелеу процесіне зиян келтіретін жағдайда тоқтату керек.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша: әрекеттік, жеке тұлғалық, жүйелілікпен келу керек.
16. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері
Педагогикалық зерттеу әдістері – оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын тану тәсілдері мен құралдары. Педагогикалық зерттеулердің әдістері: педагогикалық құбылыстарды тану процессі логикалық танымдық әдістерді қолдануды қажет етеді.
Зерттелетін пәннің сипатына қарай түрлі болып келеді.Педагогикалық зерттеу әдістерін үш топқа бөлуге болады:
Мазмұнды әдістер: Фактілерге, бақылау нәтижелеріне, тәжірибеге абстракция, анализ, синтез арқылы жүгіну. Бұл педагогикадағы мазмұнды әдіс. Педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің қатарында педагогикалық бақылау, педагогикалық тәжірибелік жұмыс, пікірлесу, анкета жүргізу, оқушылардың жазба жұмыстарын талдау, мектеп құжаттарын зерттеу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық әдебиеттерге талдау жүргізіледі.
Формальді, қарапайым әдістер:құбылыстар мен процестер абстрактіленіп қолданылады. Олар мазмұнды әдістердің негізінде іске асады. Мысалы, педагогикалық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан модельдеу, кибернетикалық жағынан моделдеу.
Теориялық талдау мен жинақтау әдісі: Зерттеу міндеттерін, пәнін, қисынын, әдістерін, нәтижелерін теориялық жағынан қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет