1-деңгей – теориялық Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Эмпирикалық зерттеу әдістері



бет9/46
Дата25.09.2023
өлшемі0,49 Mb.
#182322
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
Наук сессия жауап (1)

19. Эмпирикалық зерттеу әдістері
Эмпирикалық әдіс: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, интервью, іс-құжаттарды талдау, мұғалімдердің тәжірибесін жинақтау.
Эмпирикалық зерттеу әдістері ғылыми-зерттеу еңбегінің анықтаушысы болып табылады, олар тәжірибемен, оның ішінде педагогикалық еңбекпен байланысты және бастапқы зерттеу материалдарын қорландыруды, бекітуді және жалпылауды қамтамасыз етеді. Эмпирикалық зерттеу әдістері:
- сұхбат;
- сауалнама;
- эксперимент;
- рейтинг;
- сарапшы бағасы;
- өзін-өзі бағалау;
- нәтижелерді талдау.
20. Бақылау әдісі ғылыми талаптарының сақталуы
Бақылау әдісі педагогикалық құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау, зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау ғылыми болу үшін төмендегі талаптар сақталуы қажет:
1. Мақсатқа бағытталубақылау балаға емес, нақты жеке тұлғалық ерекшеліктердің пайда болуына жүргізіледі.
2. Жоспарлау – бақылауды бастамас бұрын белгілі бір міндеттерді (нені бақылау керек) белгілеп, жоспарын (мерзімі мен құралдары) көрсеткіштерін (нені жазу керек), мүмкін болатын есептерді (қателер) және оларды алдын ала ескерту жолдары мен алдын ала болжамды нәтижелерін әбден ойлау керек.
3. Өзін-өзі бөлу – бақылау жанама міндетті емес, өз алдына бөлек болу қажет. Мысалы, балалармен орманға экскурсияға бару олардың сапасын көрсетуде озық әдіске саналмайды, өйткені мұндай жолмен алынған мәліметтер кездейсоқ болады, сондықтан басты назар ұйымдастырушылық міндеттерді шешуге бағытталады.
4. Табиғилық – бақылау балаларға табиғи жағдайларда жүргізілуі керек.
5. Жүйелілік – бақылау оқиғадан-оқиғаға емес, жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуі керек.
6. Объективтілік - тәрбиеші өз пайымдауын растауда «өзі көретіндей емес», объективті фактілерді жазу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет