1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Білім беруді ақпараттандыруың алғы шарттары мен кезендеріне талау жасаныз



бет30/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы
3 сынып ҚМЖ жаңа.472-бұйоық., Japonya’da birleştirilmiş sınıf uygulamaları ve tarihçesi-, Дамытушы сипаттағы сабақтарды ұйымдастыру
14.Білім беруді ақпараттандыруың алғы шарттары мен кезендеріне талау жасаныз
Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н. Назарбаев
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
-білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
-ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
-үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
-үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.
Кейбір ақпараттандыру құралдары, электрондық анықтамалықтар, энциклопедиялар, Интернет-порталдар беретін ақпараттың орасан зор көлемі де оқу үдерісінде назарды алаңдаттыруы мүмкін. XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- білім беруді ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу - тәрбие процесінде жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми - ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
- мектеп пәндері бойынша жасақталатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу - әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;
- білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін программалық - техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін көтеру.
Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары:
- қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- жалпы компьютерлік сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы ( интенсификация).
Нәтижелер:
- жаңа ақпараттық технолгияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
- біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;
- республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет