1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Модельдеу «АКТ» пәнінің маңыздылығын түсіндіріңіз



бет38/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

22. Модельдеу «АКТ» пәнінің маңыздылығын түсіндіріңіз
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді. 
23. Оқу процесін компьютер ролін түсіндіріңіз
Дербес ЭЕМ-ді оқу процесіңце барлық пәндерде техникалық оқу құралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етуімен байланысты. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік құрал болып қалыптасады.Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отрып, компьютерлік оқытудың психологиялық-
педагогикалық мәселелерін қарастыру кажет:
-компьютерлік оқытудың төрбиелеу, білім беру және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету;
-оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқытуды ұйымдастыру;
-оқу процесін жетілдіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет