1-деңгей акт пәнін оқытудың мақсаттын жазыныз


Спираль модельдерін талданыз



бет41/72
Дата24.12.2023
өлшемі7,1 Mb.
#198864
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
АКТ сессия жауабы

27. Спираль модельдерін талданыз
28. Кіріктірілген АКТ сабақтарын жоспарлауға қойылатын талаптарды көрсетіңіз
Кіріктіріп оқытудың мәні оқытуды ұйымдастырудың түрлерін дұрыс және педагогикаға негізделген таңдауға байланысты болады, ол білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктердің әрқайсысын терең және жан-жақты талдаумен қамтамасыз етеді.
Басқаша айтқанда, кіріктірілген сабақтың келесідей талаптарды қатаң сақтау
қажет:
– сабақтың барлық кезеңі автордың түпкі ойына бағынышты;
– сабақ негізгі оймен (сабақтың өзегі) біріктіріледі;
– сабақ біртұтастықтан тұрады, сабақтың кезеңдері – бұл тұтастың
үзінділері немесе кезеңдері;
– сабақтың кезеңдері мен компоненттері логикалық-құрылымдылық
тәуелділікте болады;
– сабақ үшін іріктеліп алынған дидактикалық материал сабақтың түпкі ойына
сәйкес келеді;
– аталған заңдылықтарды сақтау сабақты ғылыми-іскерлік құрылым ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, онда мазмұндылық көзқарас тұрғысынан: білімдер және біліктер кешені және олармен еркін жұмыс істеу; оқылған мен оқылатынның ара қатынасы; жекелеген сынақтарды жалпы бір сынаққа біріктіру; кемшіліктердің алдын алу маңызды болып табылады.
Мұғалім сабақтардың пәндік мазмұнын ойластыруы, оқу курсының құрылымымен сәйкестендіруі және түрлі ресурстарды қолдану арқылы, нақты пән бойынша оқылғанды толықтыратын немесе қайталайтын материалды мұқият іріктеуі қажет.
Сонымен қатар тапсырмалардың түрлерін күрделілік деңгейіне, пәндік мазмұнға сәйкес, оны түсінуге, тексеруге және болашақта талқылауға болатындай негіздеп әзірлеуі тиіс.
29. Кіріктірілген сабақтың артықшылықтарын көрсетіңіз.
Кіріктірілу – бұл бір оқу материалының әр түрлі саладағы жалпы білімдермен тоғысуы, бір-бірімен етене араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай-ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Осы бағыт бойынша мен былтырғы оқу жылында информатика пәні мұғалімімен біріге отырып, қазақ тілі пәні мен информатика пәндерін кіріктіріп, «Қазақстанда ғаламтордың пайда болуы» атты сабақ өткізілді. Сабақ барысында ақпараттық технологиялар мен олардың жетістіктері туралы информатик маман түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, компьютер алдында отырғанда жасалатын жаттығуларды үш топқа үш түрлі етіп жасатты. Бұл орайда информатик маманның ғаламтор туралы, пайдасы мен зияндылығы туралы жеткіншек балаларға түсіндіруі үлкен әсер берді. Сонымен қатар «Әлеуметтік желілер» атты сабағымда әлеуметтік желілер тарихы мен қолдану барысындағы пайдасы мен зияны туралы оқушылар түсіндіре алды.
Сіздердің назарларыңызға «Қазақстанда ғаламтордың пайда болуы» атты сабағымды ұсынғалы отырмын.
Артықшылықтар:
- ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т.с.с.);
- оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
- басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
- сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
— сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
— жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
-алған білімдерін өмірде қолдана білуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет