1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері



бет53/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.
2. Әуеде жазу. Ұстаз әріпті әуеде жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн.

41. Негізгі, күрделі әдіс элементтері туралы түсінік. Қолды жаттықтыру үшін берілетін жаттығулар. Графикалық қателер, түрлері, түзету жолдары.
Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ мектептерге енгізіліп, қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Бұл әдістерге: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі жатады.
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады. ХІХ ғасырда бұл әдіс мектептерге енгізілді. Алайда, бұл әдісті пайдалану барысында кемшіліктерді ескере отырып, оны қолдануға шек қойыла бастады.
Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді. Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнайы торкөздер пайдаланған екен. Кейіннен бұл торкөздерді көздің жанарына және оқушылардың өздігінен жұмыс істей алмауына байланысты алып тастады.
Генетикалық әдіс көркем жазуда әріп элементтерін жазып үйренуді талап етеді. Балалар әріп таңбаларын алфавит ретімен жазып үйренбейді, алдымен оңай әріптерді жазып үйренеді, соңынан біртіндеп жазылуы күрделі әріптерді таңбалауға үйретеді.
Тактикалық немесе ритмикалық әдіс. Ритм – бүкіл жазу элементтерінің лайықты үйлесімін табуға көмектесетін амал. Тактылау (санау) – қозғалысты бір қалыпты жетілдіріп, оқушылардың жазу қарқының жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл әдістің бірнеше кемшіктері бар екендігі дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет