1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет61/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Жүргізілетін жұмыс түрлері.-Бұл жұмыстар ,1-ден оқушылардың оқылған материалды тереңірек меңгеруіне мүмкіндік туғызса,2-ден оларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады.Төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады.
Сонымен мәтінге байланысты жүргізілетін жұмыстардың барлығы оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретіп,ақыл-ойы мен дүниетанымын кеңейтуге,тілін дамытуға септігін тигізеді.


47 билет.Көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту.Ертегілерді оқыту.Көркем шығармаларды оқытуға қойатын талаптар.Ертегі,жұмбақ пен мақал-мәтел,мысал,өлең, мен очерктерді оқыту жолдары
Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасы біраз көркем әдеби шығармаларды қамтыған. Әдеби шығарма, түрлі бейнелер, олардың іс-әрекеті арқылы өмірді түсінуге көмектеседі. Жазушының идеясы, көңіл-күйі шығарманың мазмұны арқылы оқушыға беріледі, сөйтіп, оларда алуан түрлі сезім, ой туғызады, дүниеге көзқарасын калыптастырады.
Ертегілерді оқыту
Халық әділеттілік пен адамгершілікті, ақылдылық пен батырлыкты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгімеге, ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында да ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылык пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді..
Ертегілерді оқуда мыналар ескерілуі қажет:
1. Ертегіні оқу барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің қажеті жоқ, балықтың, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде қайғырып, бірде куанып, киял көгіне көтеріледі, көңілденеді, қиялдау оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол.
3. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді.
4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, кандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4 сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып, куыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жүмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.
8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгілеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет