1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет64/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

48-Билет . Мақал - сөз анасы. Әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған қысқа да нұсқа айтылған нақыл сөздердің мәйегі.Көбінесе екі тармаңтан құрылады. Бірінші тармағында ойдың түп нұсқасы пайымдалады, екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Мәтел-мақалға ұқсас, бірақ мақалдай екі-үш тармақты емес, өлең сипатында құрылатын ықшамды, кестелі нақыл сөз. Ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі. Бастауыш сыныпта мақал-мәтелдер тақырып сайын және әр бөлім сайын оқытылады. Олар арнайы сағат ретінде де өткізіледі.
 Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ. Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған. Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшейуімен "Жұмбақ азайған шығар. Жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге, өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет. Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады. Мақал-мәтелді қазақ тілі сабағында көптеп қолдануға болады. МЫСАЛЫ: Сын есімді өткенде: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады. Тиісті жерде тыныс белгілерін қойғызып, оларды сөйлем мүшелеріне талдауды оқушылардың қызығушылығын туғызып, сауаттылығын арттырады. Балалардың тіл байлығын, сөздік қорын молайту және де сауаттылығын нығайту мақсатында қазақ тілі пәнінен 3-сыныпта "Жалпы және жалқы есімді" қайталау сабағының бекіту бөлімінде оқушыларды 3 топқа бөліп мақал сайысын өткізуге болады.

Қазіргі кезеңде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын жаңаша жеке оқыту, өз бетімен білім алу арқылы жүзеге асыруға болады.
Ең көп тараған жеке оқыту түріне – репетиторлық жатады. Көбінесе репититор оқушыны мектепке немесе жоғарғы оқу орнына түсуде емтихандарға, сынақтарды тапсыруға, олимпиадаларға дайындайды. Осындай жеке оқытудың негізінде оқушылардың өздеріне қойылған талаптарды орындауға қажетті біліктер мен үздіксіз білім алу жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттері өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқандаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Орташа деңгей жоғарғы деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетеді.
Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекетінің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана орындауында, танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлерін анықтау үшін балдық бағалау жүзеге асырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет