4,5,6) Химиялық өндірістің көрсеткіштері: технологиялық, экономикалық, эксплуатациялық. Химиялық өндірістің жəне оның процестерінің пайдалылығы мен тиімділігін анықтау үшін əртүрлі көрсеткіштер қолданылады.
Көрсеткіштер технологиялық, экономикалық жəне эксплуатациялық болып бөлінеді.
Технологиялық: - Өндірістің өнімділігі;
- Жұмсалу коэффициенті; - Айналу дəрежесі; шығымы;
- Интенсивтілік. - Талғампаздық;
Экономикалық: - Өзіндік құн;
- Өнім сапасы;
- Меншікті капиталдық шығын;
Эксплуатациялық: - Беріктілік;
- Жұмыс істеу қауіпсіздігі;
- Еңбек өнімділігі.
Технологиялық:
Өндірістің өнімділігі - бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері
Өнім шығымы – мақсатты өнім мөлшерінің оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті мөлшеріне қатынасы немесе нақты өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы.
Айналу дəрежесі - бұл химиялық реакцияға қатысқан бастапқы реагенттің үлесін көрсетеді
Интенсивтілік - бірдей үдерістер жүретін құрылысы жəне өлшемі əртүрлі аппараттардың немесе қондырғылардың жұмысын салыстыру үшін интенсивтілік ұғымы қолданылады.
Талғампаздық;
Экономикалық:
Өзіндік құн - кəсіпорынның өнімді дайындауға жəне тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін толық өзіндік құн деп атайды. Ал кəсіпорынның тікелей өндіріспен байланысты шығынын өнімнің фабрикалық-зауыттық өзіндік құны деп аталады.
Өнім сапасы - өнімнің тұтыну қасиетін жəне тауарлық бағалылығын анықтайды.
Меншікті капиталдық шығын - қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын.