Жапырақтардың түсуін бақылау Мақсаты: Балаларға ағаш жапырақтарының түсуі туралы түсінік беру.
Ағаштарды бақылаудан бастаймыз: Жапырақтар қайда өсіп жатыр?
Олардың түстері қандай?
Тәрбиеші ағашты сілкіп, жапырақтарды жерге түсіреді. Одан кейін:
Жапырақтар қайдан түсіп жатыр? Жапырақтар неден ұшып жерге түсті?
Көркем сөз:Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімде,
Көз тартады атырап.
Еңбекке баулу:Ауланы сыпыру, жерге түскен жапырақтарды жинау. Үлкендерге көмектесуге үйрету.