1. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы. Иммунопрофилактиканың құқықтық және этикалық негіздері


Дератизация. Дератизация әдістері



бет13/24
Дата08.11.2022
өлшемі1,28 Mb.
#157181
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Эпидемиология №2рк

16.Дератизация. Дератизация әдістері.


Дератизация – кеміргіштерді (тышқандар мен егеуқұйрықтар) жою жөніндегі кешенді іс-шаралар және олардың санын тұрақты түрде минимальды деңгейде ұстау.
Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т. б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шет елдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықаралық тазалық ережелері мұқият сақталуы керек.
Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т. б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т. б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
Дератизацияны жүргізу инфекциялық ауруларды төмендету және алдын-алуға бағытталған керекті санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар жиынтығы болып табылады.
Эпидемиологиялық маңыздылығына және кеміргіштермен күресудің жергілікті жағдайына қарай келесі ұйымдастыру формалар қолданылады:
· Ошақтық дератизация - эпизодикалық түрде өтеді, яғни 1 рет өткізіледі. Басты жұмыс болып кеміргіштерді белгіленген ошақтарда жою. Мұндай жұмыстың қорытындысы әрқашанда уақытша болады. Бұның маңыздылығы шектелген участоктерде кеміргіштерді жоюмен көрінеді.
· Жалпы дератизация
2 түрі бар:
а) бір мезгілде (бірлік)
б) тұтас жүйелік дератизация
Жалпы жүйелік дератизация - көбінде үлкен қалаларда өткізіледі.
· Таңдаулы дератизация - кеміргіштермен күресуі дамудың алғашқы сатысында болған тұрғын пунктерде жүргізіледі. Таңдаулы дератизацияға тек керекті ғана объектілерді алады – тоңазытқыш, ет және балық заводы, элеваторлар, сату склады, емдік, балабақшалық және жануар өсіретін өндіріс.
Дератизациялау улықармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі.
Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.
· Механикалық әдіс. Кеміргіштерді жоюдың механикалық әдісі- әртүрлі құралдың көмегімен ұстап алып өлтіру. Бұл басқа әлістермен бірге қолданылады, бірақ химиялық және биологиялық әдістерді қолдану қауіпті болса (балалар, емдеу, кейбір тамақ мекемелері) және аулау саймандары кеміргіштердің санын анықтау үшін керек болса, бұл әдіс жеке қолданылады. Құрылысының ерекшелігіне байланысты барлық аулау саймандары 2 топқа бөлінеді: қысатын қақпандар, егер кеміргіштер оларға ілінсе, механикалық жолмен жойылады. Және тірідей ұстайтын құралдар, олардың көмегімен кеміргіштерді ұстап, кейін құртады.
Қазақстанда кең қолданылатын ратицидтер
Зоокумарин- кумулятивтік қасиеті бар, сондықтан кеміргіш өлу үшін оның бірнеше мөлшерін қабылдауы керек. Ішек уы ретінде әсер етеді, қан тамырларының өткізгіштігін күшейтеді, қанды сұйылтады. Кеміргіш 7-10 күннен кейін өледі. Препарат адамға қауіпті емес, ұзақ сақталады, кеміргіштерге қауіптілігін жоғалтпайды, сондықтан қазіргі уақытта дератизацияның негізгі препараты болып есептеледі.
Цинк фосфиді- түрі сұрқара, әлсіз сарымсақ иісті ұнтақ. Жем құрамында ішек уы ретінде әсер етеді, нерв жүйесін, қанды, ішкі секреция бездерін улайды. Әсер ету уақыты тез, адамға қауіпті, әр түрлі объектілердегікеміргіштерді тез құрту керек болғанда қолданылады. Ратиндан- 0,5% дифекациннен және 99,5% бейтарап толықтырғыштан тұратын қоспа. Жем құрамына оның 3%-ын қосқанда ішек уы ретінде әсер етеді. Суға ін ауыздарына себіледі. Кеміпгіштер 5-8 күннен кейін өледі. Балалар, емдеу мекемелерінде қолдануға болмайды.
· Химиялық әдіс (кең таралған және нәтижелі)ратицидтер деп аталатын уларды қолдану. Олардың күшімен кеміргіштерді жоюдың 3 түрі бар:
1. Уланған жемді пайдалану
2. Кеміргіштер пайдаланатын су көін улау
3. Кеміргіштердің індеріне, жолдарына, жиі болатын объектілеріне у себу.
· Биологиялық әдіс. Дератизацияның биологиялық әдісі қазіргі уақытта сирек қолданылады. Тамақтан дайындалған жемдерге бактерияларды қосады және оның әсерін күшейту үшін ратицидтік летальдыққа жақын мөлшерін тағы да қосады. Әдістің кемшілігі- кеміргіштер ауырып болғаннан кейін 3-4 айға жететін мықты иммунитет алады. Сондықтан дератизацияның биологиялық әдісін жылына 2 рет 4-6 айдан кейін қайталауды ұсынады.
Камералық дезинсекция және дезинфекция Дезинфекциялық камералар заттарды сенімді түрдезалалсыздандырады және көпшілік жағдайда басқа әдісті қолдануға болмайтын заттарды- киімді, төсек орынды,кітаптарды және т.б өңдеу үшін қолданылады; таңу материалдарын, жүнді, қылшықты, ескі-құсқы заттарды залалсыздандыру үшін де пайдаланылады. Дезинфекция камералары емдеу және санитарлық мекемелерде, санитарлық өңдеу бөлмелерінде, жатақхана, кәсіпорындарда орнатылады. Әрбір камерада өзінің негізгі бөлімінен басқа жылу көзі, өлшеу-тексеру құралдары, дезинфекция заттарын шашырататын, желдеттіретін аспаптар болады. Камерада әсер етуші агенттерді қолдануға байланысты камералардың ыстық ауалы, газдармен, формалин булы, вакуумформалинді түрлері болады. Өзінің құрылысына байланысты олар тұрақты және жылжымалы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет