1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет63/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

Арал теңізі

Арал теңізі - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені Әмудария мен Сырдария құяды. Климаты континенттік, кұрғақ. Арал теңізінде балықтан арал шоқыры, сазан, қаяз, торта, т.б. түрі бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. Жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал шаруашылығымен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады.


Арал алабындағы шаруашылық мақсаттарға ысырапсыз суды пайдалану ..... судың қорын есепке алмағандықтан 1998 жылы теңіз деңгейі 18 метрге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 су қоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, ауаға желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатты аймаққа айналып шыға келді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.


1-мәтін

1.Қазақ халқында бір керемет аңыз бар. «Ертеде, адамдардың барлығы байлық пен тоқшылықта өмір сүрген кезде, олар нанға деген құрметті ұмытыпты. Нанды аяқпен таптап, керексіз етіпті.


2.Бұған ашуланған Аллатағала адамдарға өзінің періштелерін жібереді. Періштелерге:
«Жердегі барлық бидайды жинап алыңдар. Нанның қадірін білмейтіндер аштан өлсін»,- дейді.
3.Жерге түскен періштелер барлық бидайды жинап алыпты, бірақ бір ит бір уыс бидайды жасырып қалады. Періштелер бұл бидайды да алмақ болғанда, ит оларға қатты жалынып, күшіктерінің аш екенін айтады. «Жаратқан тәңріге айтыңдар, маған бидайды қалдырсын»,- деп өтінеді. Құдай иттің бидайды алуына рұқсат етеді. ..... ит алып қалған бидайдың тұқымы көптеген адамдарды өлімнен құтқарады.
4.«Ит - жеті қазынаның бірі» деген халық даналығы осы аңызға байланысты туса керек.
..... қазақ халқы нанды жоғары бағалай отырып, оны «ас атасы» деп атаған екен. Нанның үгінділерін тастамай, «нан үгіндісін жеген адам бай болады» деп сенген.
«Қазақ аңыз-әңгімелері» кітабынан


2-мәтін
Сатып алынған бір пар бәтеңкенің мінезі екі түрлі болып шықты. Әсіресе, сол аяққа киетін бәтеңкенің мінезі өзгеше. Оң аяқтың бәтеңкесіне күн көрсетпейді. Жүрсе, нұқып қалады, тоқтаса, соғып өтеді. - Досым-ау, айтшы, менің не жазығым бар? – деп мұңайды ол.
- Бүйте берсең, жүрістен қалдырасың ғой.
- Қалсаң қала бер, - деді сол аяқтың бәтеңкесі.
– Немене, сенсіз жер басып жүре алмайды деймісің?
- Оң аяқтың бәтеңкесі көпке шыдамады. Бір күні өкшесі қақырап, аузы ырсиып қалды.
Иесі екеуін екі жаққа лақтырып жіберді. Сол аяқтың бәтеңкесі сыңарымен бірге өзінің де құритынын ойламапты.
«Балдырған»журналынан
3-мәтін
1898 жылы ағылшын ғалымы, Лондон корольдік институтының профессоры Дж. Дьюор сұйытылған газ сақтауға болатын «Дьюор колбасын»( ыдыс) ойлап тапты. Колба қос қабатты шыныдан немесе металдан жасалды. Жылу жібермес үшін қос қабат шынының(металдың) арасына қуыс қалдырды. 1904 жылы германиялық Рейнольд Бюргер бұл түтікті үй шаруашылығына қолдануға болатынын түсінді. Бірақ оны қалай атауға болады? ”Колба”сөзі үй тұрмысына қолдануға келіңкіремейді. Әрі ойлап, бері ойлап әбден басы қатқан Бюргер жаңа өнімге жақсы ат тапқан адамға сыйлық беретінін жариялайды. .... “колба” орнына “термос” сөзін ұсынған адам жеңіп шығады да, Бюргер уәдесін орындайды. Грек тілінде бұл сөз “жылу сақтау үшін” деген мағынаны білдіреді екен.
6-мәтін
Оңтүстік Америкада бал беретін құмырсқа кездеседі. Олар балын өзінің бауыр қалтасында сақтайды. Балы бар құмырсқа илеуде бөлек тұрады. ......... балымен жемі таусылған илеудегі басқа құмырсқалар қоректенеді.


2-мәтін
Әкесі баласына:
- Терезелерді боядың ба? –деді.
- Иә, бірақ жақтауларына бояу жетпей қалды, - депті баласы.
«Менің өлкем» газеті, № 46


3-мәтін
Жапондар наурыз айындағы зілзала мен цунамиден зардап шеккен аймақтардағы үйінділер астынан табылған 3,7 миллиардтай иенді (48 миллион АҚШ доллары) полицияға апарып берген.
Билік орындарының айтуынша, сонымен қатар 5700 сейф табылған, олардың ішінде 2,36 миллиард иен көлемінде ақша болған.
Жергілікті тұрғындар тапқан ақшаларын өз еріктерімен полицияға тапсырыпты. Полицияның баспасөз хатшысы «бұл жағдай - таң қаларлық жайт емес, Жапонияда табиғи нәрсе» дейді.
4-мәтін
Астанада ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында «Ақша тарихы» көрмесі ашылды. Бұл көрме Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына және ұлттық төл теңгеміздің арнайы туған күніне арналып отыр. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын жасап шығару мәселесі 1993 жылы 12 қарашада зор бастама болып қолға алынды. 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен ұлттық валюта-теңге енгізілді. ... басты назар теңге тарихына аударылмақ. Көрмеге XIV-XV ғасырлардағы ежелгі Сарайшық қаласынан табылған мыс тиындар және Ресей империясының тиындары,сонымен қатар VII-XV ғасырлардағы түркеш, шағатай, қарахан, тимурид тиындары қойылып, ... ... ұсынылды.
«Арда» газеті.№9.2011ж.


5-мәтін
Ерте замандарда әр халықтың уақыт есебін жүргізу ережесі әртүрлі болған, сондықтан әртүрлі күнтізбелер болған. Халықтар тарихында египет (мысыр) күнтізбесі, вавилон күнтізбесі, рим күнтізбесі, араб күнтізбесі, майя күнтізбесі болғаны белгілі. Қазіргі «календарь» атауы Ежелгі Римді мекендеген латын халқының «календариум» деген сөзінен жасалған, ал оның өзі – сол латын тіліндегі «календы» сөзінен шыққан туынды сөз.
Қазіргі европалық күнтізбе бізге римдіктерден келген, ал рим күнтізбесінің өзі Ежелгі Египет күнтізбесінен жасалған. Араб күнтізбесі – Ежелгі Вавилон күнтізбесінің жалғасы.
Күнтізбе – халықтардың ғасырлар бойы жасаған алтын қазыналарының бірі, атадан балаға қалып келе жатқан асыл мұра. Күнтізбе жеке адамдарға да, мемлекеттерге де қажет, ол бүкіл адамзатқа да қажет. Жақсы күнтізбе табиғат құбылыстарына сәйкес, ғылым табыстары негізінде жасалады.
(М.Исқақов, Халық календары, 112 сөз)


6-мәтін
Аққу - аса көркем құс. Оның салмағы жетіден он килограмға дейін жетеді. Мойны ұзын келеді. Түсі шымқай, ақ болады. Қара түстілері де кездеседі. Олар су өсімдіктерінің тамырларын және ұсақ жәндіктерді жейді. Аққулардың ең көріктісі және қолға ұстауға көнімдісі - сыбырлауық. Сыбырлауық Қазақстан жерін мекендейді. Бұларды парктер мен жеке су қоймаларында әсемдік үшін өсіреді. Аққу- сирек кездесетін құс. ....... оны аулауға тыйым салынған.


3-мәтін
Күз. Күн көкжиекке таянған кез. Жайық өзенінің жағасында бір топ бала асық ойнап жатады. Оларға ұшыраса кеткен салт атты жолаушылар жол сұрайды. Сонда топ ішіндегі кішкене бала:

  • Ағайлар, ендігі ауыл алыс, осында қонғандарыңыз жөн болар, - дейді.

  • Сенен ақыл сұрамаймыз, шырағым, тек алдымыздағы ауылды айт, - дейді жолаушы.

  • Ендігі ауыл қашық, көнбесеңіз жол ашық! Алдыңызда ауыл көп. «Көрінеменің» ауылы бар. Одан әрмен «Ойпыр-ай», «Әттеген-ай» дегендер де бар. Қайсысын сұрайсыз?

«Баламен бала болып тұрамыз ба?» - деп жолаушылар аттарына қамшы басып, жорта жөнеледі. Олар күн батып, қас қарая қырқадан ойға түседі. Сонда кәрі жолаушы:

  • «Көрінеменің»аулы көріне ме? – деп сұрайды.

Қария әрі-бері жүрген соң тағы да «Ойпыр-ай, тым болмаса ошақ оты көрінуі керек еді ғой!» - дейді.
Күздің кей түні суық болмай ма? Сондай түнге кезіккен жолаушылар тоңып, әбден шаршайды, әрі бағытынан айырылады. Сонда: «Әттеген-ай, баланың қон деген ақылы дұрыс екен», - депті.
4-мәтін
Баяғыда бір кедей көшерге көлігі болмаған соң, жыл сайын қыстауда қала береді екен. Бір күні оның үйіне сараң ұлық келіпті.

  • Сені жарлы қылған мен емес, жазған құдайыңа жыла. Жан басы алпыс қадақ бидайдан, үйіңдегі алты адамға тоғыз пұт астық төлейсің,- депті. Жалғыз сиырдың сүтіне қарап отырған жарлы байғұс қалай мақұл дей қойсын, қатты сасқалақтапты.

Кедейдің ауыл-аймаққа шешендігімен аты шыққан қаршадай ғана бір баласы бар екен. Ұлық сол баланы шақырып алыпты да:

  • Бала, сені жұрт шешен деседі. Мына әкеңді биылғы алым-салымнан босатайын, сол өнеріңді көрсетші! Мәселен, адамға мына көз, мұрын мен ауыздың қаншалықты керегі бар? Осыған ойланып жатпастан, табан астынан жауап тауып айта қойшы, кәне!-депті.Бала:

  • Олай болса, тақсырым!

Сөйлейін сөздің тап шынын:
Көз деген - көпті үйіруге керек,
Мұрын - мен-менсіп шүйіруге керек,
Қол – жарлының малын жылатып алуға керек,
Ауыз- алғаныңды көмейге салуға керек, - деген екен.
Ұялғаннан құлағына дейін қызарып, қасындағылардың бетіне қарай алмаған ұлық:

  • Қап! Мына жүгірмекке тіпті дауа жоқ екен! – деп, алды-артына қарамай зыта жөнеліпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет