1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет66/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

1-мәтін
Бәрі де жұлдыздар туралы
Күн батты. Қараңғылық түсе бастады. Аспанда бір шөкім бұлт жоқ. Әне, алғашқы
жұлдыздар да көрінді. Олар бірте-бірте көбейіп, аспанды жұлдыздар қаптап кетті.
Қандай керемет құбылыс! Қарай бергің келеді. Жұлдыздарды санап шыққың да келеді.
Бірақ, қайда?! Олар сен ойлағандай бірнеше сан мың емес. Аспандағы жұлдыздар саны
миллиардтан да асып кетеді.
Cонда олар күндіз неге көрінбейді? Күндіз көрінетін жұлдызымыз – Күн. Ол
жерге өте жақын орналасқан. Басқа жұлдыздар жерден алыста. Сондықтан күннің
жарық сәулесі күнді басқа жұлдыздардың жарығын көлегейлеп тастайды. Аспан
әлемінде Күннен де үлкен жұлдыздар көп. Бірақ олар тым алыста. Сондықтан да бізге
кішкентай болып көрінеді. Күн жақын тұрғандықтан, әрине, үлкен.
2-мәтін
Адам және табиғат
Табиғаттың адамға берері мол. Басқа адамдардан жақсы қасиеттерді қалай
үйренсең, табиғаттан да солай үйренуіңе болады.Топырақтан үлгі ал. Құлпырған гүл де,
жайқалған орман да топырақтан өсіп шығады. Топыраққа не ексең, сол шығады. Қалай
баптасаң,солай өседі.
Болсаң таудай бол. Ең бірінші, таудан сабырлылықты үйрен. Тау орнынан
тапжылмай тұрғанмен, оның іші қазынаға толы. Бүкіл байлық содан табылады.Басында
мәңгілік қар жататын таулар өмірден көргені мол, шаштарына ақ түскен кемеңгер
қарияларға ұқсайды.
Табиғаттан жомарттықты үйрен. Табиғаттың адамға берер пайдасы мол, бірақ ол
үшін ақы сұрамайды.Кісіге жақсылық жаса, бірақ ол жақсылығыңды ешкімге міндет
етпе! Адам бол! Адал бол!


3-мәтін
Оқжетпес шыңы туралы аңыз
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден
ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал
шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне көз алартқан жау аз емес
еді. Бала келген жауды жайпап, ел шетіне жолатпай қойыпты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміс көлдің
тұнық суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы ну қарағайдың
арасына келіп алаңсыз жата кетеді. Орман ішінде жасырынып жүрген жау оңтайлы
сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз
қалған батыр жанталаса кетеді. Алайда анталаған жау таусылмайды. Батырдың күші
азайып, әл-дәрмені таусылады. Жау қолына түсіп, қорлық көргісі келмей, Құдайдан
өзін тасқа айналдыруды тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп
алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.
11-мәтін

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында


тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін өзіне
арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді.
Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің
көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі
ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым
мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да,
кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік
мектептен өтеді.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын
бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиеттұтады.Қожа
Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет